Халықаралық теміржол тасымалдарын қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы іске асыратын электрондық сәйкестендіргіштерді (навигациялық пломбаларды) пайдалана отырып, тасымалдарын қадағалау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің бағаларын бекіту туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның ӘМ-де тіркелуге жатпайтын актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 18 желтоқсан 2025 ж.

    Халықаралық теміржол тасымалдарын қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы іске асыратын электрондық сәйкестендіргіштерді (навигациялық пломбаларды) пайдалана отырып, тасымалдарын қадағалау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің бағаларын бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 193-бабының 6-тармағының 4) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2025 жылғы 21 қазандағы № 526/НҚ бұйрығымен бекітілген Ереженің 15-тармағының 54) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Халықаралық теміржол тасымалдарын қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы іске асыратын электрондық сәйкестендіргіштерді (навигациялық пломбаларды) пайдалана отырып, тасымалдарын қадағалау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің бағаларын бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және министрлігінің Аэроғарыш комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрық қабылданған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдау.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Төрағаның м. а.

    Қ. Шуленбаев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Бәсекелестікті қорғау және

    дамыту агенттігі

    Қосымша 1

    Қазақстан Республикасының

    Жасанды интеллект және

    цифрлық даму министрлігінің

    Аэроғарыш комитеті төрағасы

    міндетін атқарушының

    2025 жылғы __ желтоқсандағы

    №__ бұйрығына

    Халықаралық теміржол тасымалдарын қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы іске асыратын электрондық сәйкестендіргіштерді (навигациялық пломбаларды) пайдалана отырып, тасымалдарын қадағалау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің бағалары

    Қыз­мет­тің ата­уы
    Қо­сы­л­ған құн са­лы­ғын есеп­те­ме­ген­де­гі ба­ға, тең­ге
    1.
    Қа­да­ға­лау объ­ек­ті­сі­нің та­сы­ма­лын ба­стау және оны қа­да­ға­лау
    70001
    2.
    Еура­зи­я­лық эко­но­ми­ка­лық од­ақ­қа мү­ше мем­ле­кет ау­ма­ғы ар­қы­лы қа­да­ға­лау объ­ек­ті­сі­нің та­сы­мал­да­нуын қа­да­ға­лау
    28590
    3.
    Қа­да­ға­лау объ­ек­ті­сі­нің та­сы­ма­лын қа­да­ға­ла­уды аяқ­тау
    55905

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.