Қордай ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстерін бекіту туралы
«Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 3 бабының 7 тармағына, 6 бабының 2 тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Қордай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қордай ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2.«Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімідігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында тіркелуін;
2)осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына жіберуді;
3)осы қаулының Қордай ауданы әкімдігінің интернет-ресурстарында орналастырылуын;
4)осы қаулыдан туындайтын басқада шаралардың қабылдауын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Иманалиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі
Қ. Досаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс,
жолаушылар көлігі және автомобиль
жолдары басқармасының басшысы
____________________Р.Байтелиев
«29» қаңтар 2016 жыл
Қордай ауданы әкімдігінің
2016 жылғы «29» қаңтардағы №47
қаулысына қосымша
Қордай ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері
|
№
|
Автомобиль жолдары
|
||
|
Индекс
|
Атауы
|
Ұзақтығы (шақырым)
|
|
|
1
|
КН-КR-1
|
«Масаншы-Керу» (0-21)
|
21
|
|
2
|
КН-КR-2
|
«Қаракемер - Қарасай батыр» (0-28,82)
|
28,82
|
|
3
|
КН-КR-3
|
«Қарасай батыр –Еңбекші» (0-13,06)
|
13,06
|
|
4
|
КН-КR-4
|
«Сортөбе-Ауқатты-Қызылсай» (0-20,69)
|
20,69
|
|
5
|
КН-КR-5
|
«Өтеген-Бәйтерек-Ауқатты» (0-16)
|
16
|
|
6
|
КН-КR-6
|
«Отар-Гвардейск» (0-2)
|
2
|
|
7
|
КН-КR-7
|
«Отар-Анырақай-Бел» (0-50)
|
50
|
|
8
|
КН-КR-8
|
«Алға-Көгадыр» (0-9,3)
|
9,3
|
|
9
|
КН-КR-9
|
«Ноғайбай-Сарыбастау» (0-4,2)
|
4,2
|
|
10
|
КН-КR-10
|
«Бетқайнар-Соғанды» (0-28)
|
28
|
|
11
|
КН-КR-11
|
«Қақпатас-Беріктас» (0-7)
|
7
|
|
12
|
КН-КR-12
|
«Қордай-Шөміш-Плотина» (0-7,4)
|
7,4
|
|
13
|
КН-КR-13
|
«Қордай ауылына кіреберіс»(0-4,4)
|
4,4
|
|
14
|
КН-КR-14
|
«Кенен ауылына кіреберіс» (0-3)
|
3
|
|
15
|
КН-КR-15
|
«Ноғайбай-Шарбақты ауылына кіреберіс» (0-26,6)
|
26,6
|
|
16
|
КН-КR-16
|
«Мұзбел ауылына кіреберіс» (0-3)
|
3
|
|
17
|
КН-КR-17
|
«Жаңатұрмыс ауылына кіреберіс» (0-4,2)
|
4,2
|
|
18
|
КН-КR-18
|
«Арал ауылына кіреберіс» (0-4)
|
4
|
|
19
|
КН-КR-19
|
«Қалғұты ауылына кіреберіс» (0-1,35)
|
1,35
|
|
20
|
КН-КR-20
|
«Күнбатыс 1 ауылына кіреберіс» (0-3)
|
3
|
|
21
|
КН-КR-21
|
«Күнбатыс 2 ауылына кіреберіс» (0-3)
|
3
|
|
Барлығы:
|
260,02
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.