Қарағанды қалалық мәслихатының 2025 жылғы 28 мамырдағы № 264 «Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін анықтау туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 28 қараша 2025 ж.

    Қарағанды қалалық мәслихатының 2025 жылғы 28 мамырдағы № 264 «Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін анықтау туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Қарағанды қалалық мәслихатының 2025 жылғы 28 мамырдағы № 264 «Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін анықтау туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6782-09 болып тіркелген).

    2. «Қарағанды қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Қарағанды калалық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Төраға

    А. Букенов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.