«Федоров ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 1 сәуірдегі № 68 «Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы қаулысына толықтыру енгізу туралы»
Федоров ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» 2022 жылғы 1 сәуірдегі № 68 қаулысына келесі толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде»:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 13), 14), 15) тармақшалармен толықтырылсын:
«13) бюджет қаражатының көлемі шегінде балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерін қаржыландыруға арналған мемлекеттік шығармашылық тапсырысты бекітеді;
14) мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін берушілердің меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерінде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз етеді;
15) мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және нысаналы игерілуінің барлық кезеңдері мен рәсімдерінің электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда орындалуын қамтамасыз етеді».
2. «Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) жоғарыда көрсетілген Ережеге енгізілген толықтыру туралы әділет органдарын хабардар етуді;
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін оның Федоров ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Федоров ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Федоров ауданының әкімі
Т. Исабаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.