«Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында медициналық куәландыру және қарап-тексеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 5 маусымдағы № 324 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 18 желтоқсан 2025 ж.

    «Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында медициналық куәландыру және қарап-тексеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 5 маусымдағы № 324 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында медициналық куәландыру және қарап-тексеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 5 маусымдағы № 324 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актілердi мемлекеттік тіркеу тiзiлiмiнде № 15325 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында медициналық куәландыру және қарап-тексеру қағидаларында:

    5-тармақта:

    1) тармақша алып тасталсын;

    мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

    «7-1) авиация персоналының медициналық кітапшасы – авиация персоналының денсаулық жағдайына мониторинг нәтижелері енгізілетін дербес құжат;»;

    мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:

    «16-1) медициналық қарап-тексерудің автоматтандырылған жүйесі (бұдан әрі – МҚАЖ) – қан қысымын, жүректің соғу жиілігін (пульсті), дене температурасын өлшеу процесін автоматтандыруға, сондай-ақ заттарды қолдану белгілерін анықтауға мүмкіндік беретін тонометр, алкотестер, термометрді (немесе кіріктірілген термометрі бар пупиллометрді) қамтитын Электрондық өнеркәсіп пен бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізіліміне енгізілген медициналық мақсаттағы сертификатталған жылжымалы (қозғалмалы) кешен;»;

    7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «7. Медициналық куәландыруды сарапшы жүргізеді. Тұрақты медициналық тексерулерді көздейтін ауру болған кезде сарапшы тиісті мониторингті қамтамасыз ету үшін қосымша тексерулер мен ұсынымдар тағайындайды.

    Куәландырылатын тұлға тасымалдауға жарамсыз болған және диагноз осы Қағидалардың 4, 5, 6 және 7-қосымшаларының талаптарына сәйкес денсаулық жағдайы бойынша жарамсыздығын анықтаған кезде, медициналық сертификат иесіне медициналық куәландыру сырттай жүргізіледі.»;

    13-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «4) әскери есепке алуға жатпайтын азаматтарды қоспағанда, әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар ұсынатын әскери билет немесе әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлік;»;

    23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «23. Бейінді мамандар медициналық құжаттамаға медициналық зерттеп-қарау деректерін, диагнозын, өз бейіні бойынша ұсынымдарын қолтаңбамен және жеке мөрмен растайды және осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша неврологиялық тексеру туралы есепті, 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хирургиялық тексерудің есепті, 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша офтальмологиялық тексеру туралы есепті және 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оториноларингологиялық тексеру туралы есепті толтырады.

    Медициналық куәландыруға тартылатын бейінді мамандар, медициналық тексеру деректері, диагнозы және өз бейіні бойынша ұсынымдарын қолымен және жеке мөрімен куәландырылады.

    Бейінді мамандардың есептері 10 жыл бойы сақталады.»;

    34-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

    «34. Осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген тұлғалардың кәсіптік қызметті жүзеге асыруға тиісті сыныптағы (түрі) жарамды медициналық сертификаты болған жағдайда рұқсат етіледі.»;

    48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «48. Ауру талаптармен рұқсат етілген жағдайда, сарапшы мониторинг мақсатында тұрақты медициналық қарап-тексерулердің күнін белгілейді.

    Мониторинг жүргізу кезінде шағымның болуы немесе болмауы тексерілушінің қолымен расталады, сарапшы жазбаларды өзінің қолымен және жеке мөрімен куәландырады.

    Өтініш берушінің денсаулық жағдайы мониторингінің нәтижелері осы Қағидаларға 15-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша авиация персоналының медициналық кітапшасына жазылады.»;

    50 және 51-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «50. Медициналық сертификат иесінің денсаулық жағдайының мониторингі нәтижелері бойынша қорытынды қабылданады:

    1) жұмысқа немесе оқуға жіберілді;

    2) кезектен тыс демалыс күнін (кезекті еңбек демалысын) беруді қажет етеді;

    3) консультация және емдеу жүргізуді қажет етеді;

    4) профилактикалық емдеуге жатады – емдеу мерзімі күнтізбелік 15 күн.

    51. Осы Қағидалардың 27, 28, 49, 50 және 73-тармақтарында көзделген жағдайларда және медициналық себептер бойынша сарапшы медициналық сертификат иесінің кезектен тыс медициналық куәландыру өткізу туралы шешім қабылдайды.»;

    54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «54. Осы Қағидаларға және ICAO Doc 9654-AN/945 сәйкес әзірленген Ұшу қауіпсіздігін медициналық қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты (бұдан әрі – Нұсқаулық) енгізген азаматтық авиация ұйымдарында медициналық қарап-тексеру осы нұсқаулықта көзделген іс-шаралар кешеніне сәйкес жүзеге асырылады.

    Нұсқаулық уәкілетті ұйыммен келісіледі.»;

    55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «55. Азаматтық авиация ұйымдарында медициналық қарап-тексеру азаматтық авиация ұйымының медициналық пунктінің немесе азаматтық авиация ұйымымен шарт бойынша медициналық ұйымның кезекші медицина қызметкерімен (дәрігер, орта медицина қызметкерлері), МҚАЖ-мен немесе медицина қызметкерімен және МҚАЖ арқылы жүргізіледі.»;

    59-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «59-1. МҚАЖ арқылы медициналық куәландыру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

    1) зерттелушінің биометриялық және (немесе) визуалды сәйкестендіруі;

    2) шағымдардың болуына сауалнама;

    3) көз қарашығының жарық тітіркендіргішіне реакциясының өзгертуіне арналған тест;

    4) психикаға белсенді әсер ететін затты қолдану белгілерін анықтауға арналған тест;

    5) дене температурасын өлшеу;

    6) қан қысымын және пульсті өлшеу.

    Ауысым алдындағы (ауысымнан кейінгі) медициналық тексерудің нәтижелері электрондық журналда тіркеледі.

    МҚАЖ нәтижелердің бұрмалануын болдырмау мақсатында медициналық қарап-тексеру процесінің фото және (немесе) бейнежазбасын жүзеге асырады.»;

    61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «61. Өзін нашар сезінуіне, жеткіліксіз (толық емес) демалуына шағымдар болған кезде әуе кемесі экипажының мүшесі, әуедиспетчер, азаматтық авиация ұйымының, авиакомпанияның қызметкері жұмыстан шеттетіледі.

    Жұмыстан шеттетілген экипаж мүшесі, әуедиспетчер сарапшыға жіберіледі. Жұмыстан шеттетілген азаматтық авиация ұйымының, авиакомпанияның қызметкері азаматтық авиация ұйымының, авиакомпанияның медицина қызметкеріне немесе тұрғылықты жері бойынша учаскелік дәрігерге жіберіледі.»;

    70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «70. Медициналық қарап-тексеруді жүргізу нәтижелері осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес Ұшу алдындағы медициналық қарап-тексеру журналында және осы Қағидаларға 16-1-қосымшаға сәйкес Ауысым алдындағы (ауысымнан кейінгі) медициналық қарап-тексеру журналында тіркеледі.

    Журналды электронды түрде жүргізген жағдайда оларға енгізілген мәліметтер медицина қызметкердің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады, парақты басып шығарудың міндетті мүмкіндігі бар дербес деректер туралы заңнаманың талаптары ескеріледі.

    Медициналық қарап-тексеру кезінде қызметкердің медициналық қарап-тексеру нәтижелері МҚАЖ пайдалана отырып жазылады және жұмысқа жіберу туралы шешім қабылданады.

    Медициналық қарап-тексеру нәтижелері, оның ішінде фото және (немесе) видео тіркеу МҚАЖ тізілімінде сақталады және түзетуге жатпайды.

    Жұмысқа жарамдылығы туралы қорытынды бір минут ішінде МҚАЖ арқылы электрондық нысанда қалыптастырылады және қызметкерге сұрау салу бойынша беріледі.»;

    73-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «Экипаж мүшесін, әуедиспетчерді және ұйым қызметкерін қызметтік міндеттерін орындаудан шеттету кезінде медицина қызметкері бұл туралы осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес Ұшудан шеттету журналына (ӘҚҚ ауысымнан) және Азаматтық авиация ұйымы қызметкерлерінің жұмысынан шеттету журналына осы Қағидаларға 17-1-қосымшаға сәйкес жазба жасайды және осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұшудан шеттету (ӘҚҚ ауысымнан) туралы анықтама және 18-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметкерді жұмыстан шеттету туралы анықтама береді, тиісті қызмет басшылығына шеттету туралы баяндайды.

    Экипаж мүшесі немесе әуе қозғалысының диспетчері шеттетілген кезде медицина қызметкері бұл туралы сарапшыға байланыс құралдары арқылы хабарлайды.»;

    2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

    3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

    5-қосымшада 5-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

    «5-тарау. Зат алмасудың бұзылуы және эндокриндік жүйе

    Өтініш берушіде тиісті куәлік бойынша кәсіби міндеттерін қауіпсіз орындауға кедергі келтіретін функционалдық немесе органикалық сипаттағы зат алмасу немесе эндокриндік бұзылулар болмайды.

    Зат алмасу немесе эндокриндік бұзылулары бар өтініш берушілер кардиологиялық тексеруді қоса есептегенде кеңейтілген медициналық куәландыру нәтижелері бойынша гормоналды аядағы тұрақты жағдайын көрсеткен жағдайда жарамды деп танылады.

    Инсулинге тәуелді емес қант диабеті бар өтініш берушілер жарамсыз деп саналады, егер ауру диета немесе диета арқылы диабетке қарсы препараттарды ауызша қабылдаумен бірге бақылауындағы жағдайларды қоспағанда, жарамсыз болып саналады, оларды қолдану өтініш берушінің куәлігі мен біліктілік белгілерімен берілген кәсіби міндеттерін қауіпсіз жүзеге асыруына сәйкес келеді.

    Көмірсутекті алмастыру толық өтелгенде жұмысқа жіберу OSL шектеуімен жүзеге асырылады. Бұл ретте қауіпсіз ұшқыш (OSL) қант диабеті бар ұшқыштың физикалық жағдайына байланысты ықтимал қауіптер туралы ұшар алдында нұсқау алады.

    Қалқанша без қызметтерінің бұзылуы кезінде өтініш берушіні жұмысқа жіберу туралы шешім қалқанша без гормондарын үнемі бақылай отырып, тұрақты эутиреоидтық жағдайға жетіп, емделгеннен кейін қабылданады.

    Дене салмағы артық тұлғарларға дене салмағының индексі (ДСИ) Кетле бойынша дене салмағын бағалауға сәйкес семіздік сипатын анықтау үшін тексеру жүргізіледі. Экзогендік-конституциялық семіздік кезінде ДСИ >35,0 бар өтініш берушілер артық салмақ тиісті куәліктің құқықтарын қауіпсіз жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін және метаболикалық синдромның даму тәуекелдерін бағалау бойынша қанағаттанарлық нәтижелер болған жағдайда жарамды деп танылады. Симптомдық (екінші рет) семіру эндокринді, церебральды генездің куәландыру негізгі ауру бойынша жүргізіледі.»;

    8-қосымшада 14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «14. Велоэргометрия сынағы немесе тредмил-тест медициналық сертификат алуға өтініш берушілер медициналық куәландыру кезінде:

    1) 1-класс – 40 жастан бастап 5 жылда бір рет және медициналық көрсеткіштер бойынша, 55 жастан жыл сайын және медициналық көрсеткіштер бойынша;

    2) 2, 3 кластар және ЖАжәнеАЖА класс – медициналық көрсеткіштер бойынша.»;

    18-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы

    М. Калиакпаров

    «КЕЛІСІЛГЕН»

    Қазақстан Республикасы

    Денсаулық сақтау министрлігі

    Қазақстан Республикасы

    Көлік министрінің

    міндетін атқарушы

    2025 жылғы 18 желтоқсандағы

    № 427

    Бұйрығына 1- қосымша

    Қазақстан Республикасының

    азаматтық авиациясында

    медициналық куәландыру және

    қарап-тексеру қағидаларына

    2-қосымша

    Нысан

    Медициналық сертификат

    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
    Рес­пуб­ли­ка Ка­зах­стан
    The Republic of Kazakhstan
    Кла­сты ме­ди­ци­на­лық сер­ти­фи­кат
    Ме­ди­цин­ский сер­ти­фи­кат клас­са
    Medical certificate of class
    ИКАО Кон­вен­ци­я­сы­ның 1-қо­сым­ша­сы­на сәй­кес бе­рі­л­ген
    Вы­да­но в со­от­вет­ствии с При­ло­же­ни­ем 1 к Кон­вен­ции ИКАО
    Issued in accordance with Annex I to the ICAO Convention
    Бұл сер­ти­фи­кат авиа­ци­я­лық пер­со­на­лы ку­ә­лі­гі­нің ажы­ра­мас бө­лі­гі бо­лып та­бы­ла­ды. На­сто­я­щий сер­ти­фи­кат яв­ля­ет­ся неотъ­ем­ле­мой ча­стью сви­де­тель­ства авиа­ци­он­но­го пер­со­на­ла.
    This certificate is an integral part of the aviation personnel license
    Уәкі­лет­ті ұй­ы­мы­м­ен та­ғай­ын­дал­ған ___________
    Авиа­ци­я­лық ме­ди­ци­на­лық са­рап­шы:__
    Авиа­ци­он­ный ме­ди­цин­ский экс­перт: ___, на­зна­чен­ный Упол­но­мо­чен­ной ор­га­ни­за­ци­ей ___________
    Aviation Medical Expert: __________, designated by the Authorized Organization __________
    Сер­ти­фи­кат нө­мі­рі: _______________
    Но­мер сер­ти­фи­ка­та: _______________
    Certificate number: _______________
    Сер­ти­фи­кат ие­сі­нің аты-жө­ні: ______________________
    Фа­ми­лия, имя, от­че­ство вла­дель­ца сер­ти­фи­ка­та: ______________________
    Full name of the certificate holder: ______________________
    Ту­ған жы­лы, айы, кү­ні: ______________________
    Год, ме­сяц, день рож­де­ния: ______________________
    Date of birth: ______________________
    Ұл­ты: ____________________
    На­ци­о­наль­ность: ___________
    Nationality: ________________
    Сер­ти­фи­кат ие­сі­нің қо­лы: ________________
    Под­пись дер­жа­те­ля сер­ти­фи­ка­та: ______________
    Signature of the certificate holder: ________________
    Шек­те­улер: ________
    Огра­ни­че­ния: ______
    Limitations: ______
    Ко­ды: ___________
    Код: ____________
    Code: ___________
    Бе­рі­л­ген кү­ні: _____
    Да­та вы­да­чи: ______
    Date of issue:
    (кк. аа. жж. /дд. мм. гг. / dd.​mm.​yy.)
    Ба­стап жа­рам­ды: __
    Вво­дит­ся в дей­ствие с: _________
    Valid from: _____
    (кк. аа. жж. / дд. мм. гг. / dd. mm. yy.)
    Сер­ти­фи­кат бер­ген са­рап­шы­ның қо­лы: _________________
    Под­пись вы­дав­ше­го сер­ти­фи­кат экс­пер­та: ______________
    Signature of the certificate issuing AME: _________________
    Мөр / Пе­чать / Stamp:
    Сер­ти­фи­кат­тың аяқ­та­лу мер­зі­мі:
    Срок окон­ча­ния сер­ти­фи­ка­та:
    Certificate expiration date:
    1 класс / class
    (кк. аа. жж. / дд. мм. гг. / dd. mm. yy.)
    2 класс / class
    (кк. аа. жж / дд. мм. гг / dd. mm. yy.)
    3 класс / class
    (кк. аа. жж. / дд. мм. гг. / dd. mm. yy.)
    Соң­ғы қа­ра­лу кү­ні:
    Да­та по­след­не­го осмот­ра:
    Date of the last examination:
    Соң­ғы ме­ди­ци­на­лық қа­ра­лу мер­зі­мі:
    Да­та по­след­не­го ме­ди­цин­ско­го осмот­ра:
    Date of the last examination:
    (кк. аа. жж / дд. мм. гг. / dd. mm. yy)
    Элек­тро­кар­дио­грам­ма /Элек­тро­кар­дио­грам­ма/ Electro cardiogram
    (кк. аа. жж / дд. мм. гг. /dd.​mm.​yy)
    Аудио­грам­ма / Audiogram
    (кк. аа. жж / дд.мм.гг. / dd. mm. yy)
    Көз­ді тек­се­ру / Об­сле­до­ва­ние зре­ния / Ophtalmology
    (кк. аа. жж / дд. мм. гг. /dd. mm. yy)
    Ме­ди­ци­на­лық жа­рам­ды­лық­ты тө­мен­де­ту­ші жағ­дай­лар:
    Ме­ди­ци­на­лық сер­ти­фи­кат­тар­дың ие­ле­рі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­тық авиа­ци­я­сын­да ме­ди­ци­на­лық ку­әлан­ды­ру және қа­рап-тек­се­ру қа­ғи­да­ла­ры­ның (бұ­дан әрі - Қа­ғи­да­лар) 27 және 28-тар­мақ­та­ры­на сәй­кес олар­дың ден­са­улы­ғы­ның жа­рам­ды­лы­ғын тө­мен­де­те­тін фак­тор­лар туын­да­ған кез­ден ба­стап са­рап­шы­ны де­реу ха­бар­дар ете­ді.
    Фак­то­ры, сни­жа­ю­щие ме­ди­цин­скую год­ность:
    Вла­дель­цы ме­ди­цин­ских сер­ти­фи­ка­тов неза­мед­ли­тель­но уве­дом­ля­ют экс­пер­та с мо­мен­та воз­ник­но­ве­ния фак­то­ров, сни­жа­ю­щих год­ность их здо­ро­вья в со­от­вет­ствии пунк­та­ми 27 и 28 Пра­вил ме­ди­цин­ско­го осви­де­тель­ство­ва­ния и осмот­ра в граж­дан­ской авиа­ции Рес­пуб­ли­ки Ка­зах­стан (да­лее - Пра­вил).
    Factors that reduce medical suitability:
    The medical certificate holders immediately notify the expert from the moment of occurrence of factors that reduce the suitability of their health in accordance with paragraphs 27 and 28 of the Rules of Medical Examination and Inspection in Civil Aviation of the Republic of Kazakhstan (hereinafter - the Rules).
    Ку­ә­лік ие­ле­рі өзде­рі­нің ку­ә­лік­те­ріне, бі­лік­ті­лік бел­гі­ле­ріне неме­се сер­ти­фи­кат­та­ры бой­ын­ша кә­сі­би құқық­та­ры мен мін­дет­те­рін орын­да­май­ды.
    Ме­ди­ци­на­лық сер­ти­фи­кат ие­ле­рі қан­дай да бір ау­ру неме­се шар­шау ке­зін­де, ден­са­улық жағ­дай­ы­на қа­ты­сты кез кел­ген күм­ән туын­да­ған кез­де, оның мін­дет­те­рін қа­уіп­сіз орын­дау қа­бі­ле­тіне әсер етуі мүм­кін әл-ауқат пен ден­са­улық­қа бай­ла­ны­сты кез кел­ген жағ­дай­лар­да са­рап­шы­ға жү­гі­не­ді. Ме­ди­ци­на­лық сер­ти­фи­кат ие­сі мен жұ­мыс бе­ру­ші Қа­ғи­да­лар­дың та­лап­та­рын орын­да­ма­ға­ны үшін жа­у­ап бе­ре­ді.
    Вла­дель­цы сви­де­тельств не вы­пол­ня­ют про­фес­си­о­наль­ные пра­ва и обя­зан­но­сти со­глас­но сво­их сви­де­тельств, ква­ли­фи­ка­ци­он­ных от­ме­ток или сер­ти­фи­ка­тов.
    Об­ла­да­те­ли ме­ди­цин­ско­го сер­ти­фи­ка­та об­ра­ща­ют­ся к экс­пер­ту при воз­ник­но­ве­нии ка­ко­го-ли­бо за­бо­ле­ва­ния или утом­ле­ния, при лю­бых со­мне­ни­ях по по­во­ду со­сто­я­ния здо­ро­вья, при лю­бых слу­ча­ях, свя­зан­ных с са­мо­чув­стви­ем и здо­ро­вьем, ко­то­рые мо­гут по­вли­ять на спо­соб­ность без­опас­но вы­пол­нять его обя­зан­но­сти. Об­ла­да­тель ме­ди­цин­ско­го сер­ти­фи­ка­та и ра­бо­то­да­тель от­вет­ствен­ны за невы­пол­не­ние тре­бо­ва­ний Пра­вил.
    License holders do not fulfill professional rights and obligations under their licenses, qualification marks or certificates.
    The medical certificate holders turn to an expert in case of any illness or fatigue, in case of any doubts about the state of health, in any cases related to well-being and health that may affect the ability to safely perform his duties. The medical certificate holder and the employer are responsible for non-compliance with the requirements of the Rules.
    Ко­ды/ Код/ Code
    МСШ / ОМС / TML – ме­ди­ци­на­лық сер­ти­фи­кат­тың қол­да­ны­лу мер­зі­мі­нің шек­те­луі / огра­ни­че­ние сро­ка дей­ствия ме­ди­цин­ско­го сер­ти­фи­ка­та / limitation of the validity period of the medical certificate;
    КҚТ / КДР / VDL – алыс қа­шық­тан кө­ру қа­бі­ле­ті­нің бұ­зы­луын тү­зе­ту / кор­рек­ция на­ру­ше­ния зре­ния для даль­не­го рас­сто­я­ния / distance vision correction;
    АОЖКТ / КБ­СДР / VML – алыс, ор­та және жа­қын қа­шық­тан кө­ру қа­бі­ле­ті­нің бұ­зы­луын тү­зе­ту / кор­рек­ция на­ру­ше­ния зре­ния для даль­не­го, сред­не­го и близ­ко­го рас­сто­я­ния / far, medium, near distance vision correction;
    ЖКТ / КБР / VNL – жа­қын қа­шық­тан кө­ру қа­бі­ле­ті­нің бұ­зы­луын тү­зе­ту/ кор­рек­ция на­ру­ше­ния зре­ния для близ­ко­го рас­сто­я­ния / near distance vision correction;
    ӨАКТ / КДП / VXL – өн­ді­рі­стік жағ­дай­лар­ға бай­ла­ны­сты қа­шық­тан кө­ру қа­бі­ле­ті­нің бұ­зы­луын тү­зе­ту (тек 3-клас­сты ме­ди­ци­на­лық сер­ти­фи­кат, ӘҚҚ дис­пет­чер­ле­рі үшін) / кор­рек­ция на­ру­ше­ния зре­ния для да­ли, в за­ви­си­мо­сти от про­из­вод­ствен­ных усло­вий (толь­ко для ме­ди­цин­ско­го сер­ти­фи­ка­та 3 клас­са, дис­пет­че­ров ОВД) / Distance vision correction, depending on working conditions (only for medical certificate of 3 class only, air traffic controllers);
    КЛТ / КИК / CCL – кон­такт­тық лин­за­лар­ды қол­да­ну ға­на ар­қы­лы кө­ру­ді тү­зе­ту / кор­рек­ция зре­ния с ис­поль­зо­ва­ни­ем толь­ко кон­такт­ных линз / vision correction using contact lenses only;
    КҰ / ДП / VCL – тек күн­діз­гі рей­стер­ге (күн­діз­гі ұшу­лар) жа­рам­ды / дей­стви­те­лен для по­ле­тов толь­ко в днев­ное вре­мя (днев­ные по­ле­ты) / Valid for daytime flights (daytime flights) only;
    ЕБЖ / ВКП / OML – екін­ші ұш­қыш неме­се бі­лік­ті екін­ші ұш­қы­шпен ға­на жа­рам­ды / дей­стви­те­лен толь­ко как вто­рой пи­лот или с ква­ли­фи­ци­ро­ван­ным вто­рым пи­ло­том / valid only as a co-pilot or with qualified co-pilot;
    ЕҰЖ / ДВП / OCL – екін­ші ұш­қыш ре­т­ін­де ға­на жа­рам­ды / го­ден толь­ко как вто­рой пи­лот / valid only as co-pilot;
    ЖЖ / ЖБП / OPL – жо­ла­у­шы­лар­сыз ға­на жа­рам­ды / дей­стви­те­лен толь­ко без пас­са­жи­ров / valid only without passengers;
    ҚЕБ / БДУ / OSL – қа­уіп­сіз­дік­ті қам­та­ма­сыз ете­тін ұш­қыш және қос бас­қа­ры­ла­тын әуе ке­ме­сіне ға­на жа­рам­ды / дей­стви­те­лен толь­ко с без­опас­ным пи­ло­том и для воз­душ­но­го суд­на с двой­ным управ­ле­ни­ем / valid only with a safe pilot and for an aircraft with dual controls;
    ДӘК / ДВС / OAL – де­мон­стра­ци­я­лан­ған әуе ке­ме­сі­нің тү­рі үшін жа­рам­ды / го­ден для де­мон­стри­ро­ван­но­го ти­па воз­душ­но­го суд­на / suitable for the demonstrated aircraft type;
    БҚБ / УРУ / AHL – тек бе­кі­ті­л­ген қол­мен бас­қа­ру­мен жа­рам­ды / дей­стви­те­лен толь­ко с утвер­жден­ным руч­ным управ­ле­ни­ем / valid only with approved manual control.
    Мо­ни­то­ринг­қа ке­лу мер­зім­де­рі:
    Сро­ки явок на мо­ни­то­ринг:
    Terms of attendance for monitoring:
    Екі жақты бланк; өлшемдері – ұзындығы 295 мм, ені 105 мм; күрделі түрі – пішіні А7; «ҚР картасының контуры немесе КZ, немесе KAZ» сутаңбалары белгілері бар қағаз; Қазақстан Республикасы картасының контурымен голограмманың диаметрі - 12 мм; BARCODE өлшемі – жағы 30 мм төртбұрыш, онда медициналық сертификат иесінің мәліметтері бар: Толық аты-жөні: Туған күні: Берілген күні: AMС толық аты-жөні: Класс: Шектеу: Жарамдылық бастауы: Жарамды аяқталуы: Көз түсі: Шаш түсі: Жынысы: Салмағы: Бойы:

    Бұйрығына 2-қосымша

    Қазақстан Республикасының

    азаматтық авиациясында

    медициналық куәландыру және

    қарап-тексеру қағидаларына

    3-қосымша

    Нысан

    Медициналық сертификат

    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
    Рес­пуб­ли­ка Ка­зах­стан
    The Republic of Kazakhstan
    Кла­сты ме­ди­ци­на­лық сер­ти­фи­кат
    Ме­ди­цин­ский сер­ти­фи­кат клас­са
    Medical certificate of class
    ҚР аза­мат­тық авиа­ци­я­сын­да­ғы ме­ди­ци­на­лық ку­әлан­ды­ру және қа­рап-тек­се­ру қа­ғи­да­ла­ры­на сәй­кес бе­рі­л­ген
    Вы­да­но в со­от­вет­ствии с Пра­ви­ла­ми ме­ди­цин­ско­го осви­де­тель­ство­ва­ния и осмот­ра в граж­дан­ской авиа­ции РК
    Issued in accordance with the Rules for Medical Examination and Inspection in Civil Aviation.
    Бұл сер­ти­фи­кат авиа­ци­я­лық пер­со­на­лы ку­ә­лі­гі­нің ажы­ра­мас бө­лі­гі бо­лып та­бы­ла­ды. На­сто­я­щий сер­ти­фи­кат яв­ля­ет­ся неотъ­ем­ле­мой ча­стью сви­де­тель­ства авиа­ци­он­но­го пер­со­на­ла.
    This certificate is an integral part of the aviation personnel license
    Уәкі­лет­ті ұй­ы­мы­м­ен та­ғай­ын­дал­ған ___________
    Авиа­ци­я­лық ме­ди­ци­на­лық са­рап­шы:__
    Авиа­ци­он­ный ме­ди­цин­ский экс­перт: ___, на­зна­чен­ный Упол­но­мо­чен­ной ор­га­ни­за­ци­ей ___________
    Aviation Medical Expert: __________, designated by the Authorized Organization __________
    Сер­ти­фи­кат нө­мі­рі: _______________
    Но­мер сер­ти­фи­ка­та: _______________
    Certificate number: _______________
    Сер­ти­фи­кат ие­сі­нің аты-жө­ні: ________________________
    Фа­ми­лия, имя, от­че­ство вла­дель­ца сер­ти­фи­ка­та: ___________________
    Full name of the certificate holder: __________________
    Ту­ған жы­лы, айы, кү­ні: ______________
    Год, ме­сяц, день рож­де­ния: _________
    Date of birth: _______
    Ұл­ты: ________
    На­ци­о­наль­ность: ___
    Nationality: ______
    Сер­ти­фи­кат ие­сі­нің қо­лы: ________________
    Под­пись дер­жа­те­ля сер­ти­фи­ка­та: ______
    Signature of the certificate holder: ____
    Шек­те­улер: ________
    Огра­ни­че­ния: ______
    Limitations: ______
    Ко­ды: ___________
    Код: ____________
    Code: ___________
    Бе­рі­л­ген кү­ні: _____
    Да­та вы­да­чи: ______
    Date of issue:
    (кк. аа. жж. /дд. мм. гг. / dd.​mm.​yy.)
    Ба­стап жа­рам­ды: __
    Вво­дит­ся в дей­ствие с: _________
    Valid from: _____
    (кк. аа. жж. / дд. мм. гг. / dd. mm. yy.)
    Сер­ти­фи­кат бер­ген са­рап­шы­ның қо­лы: _________________
    Под­пись вы­дав­ше­го сер­ти­фи­кат экс­пер­та: ______________
    Signature of the certificate issuing AME: _________________
    Мөр / Пе­чать / Stamp:
    Сер­ти­фи­кат­тың аяқ­та­лу мер­зі­мі:
    Срок окон­ча­ния сер­ти­фи­ка­та:
    Certificate expiration date:
    2 класс / class
    (кк. аа. жж. / дд. мм. гг. / dd. mm. yy.)
    ЖА және АЖА / ЛА и СЛА / LA and ULA
    (кк. аа. жж / дд. мм. гг / dd. mm. yy.)
    Соң­ғы қа­ра­лу кү­ні:
    Да­та по­след­не­го осмот­ра:
    Date of the last examination:
    Соң­ғы ме­ди­ци­на­лық қа­ра­лу мер­зі­мі:
    Да­та по­след­не­го ме­ди­цин­ско­го осмот­ра:
    Date of the last examination:
    (кк. аа. жж / дд. мм. гг. / dd. mm. yy)
    Элек­тро­кар­дио­грам­ма /Элек­тро­кар­дио­грам­ма/ Electro cardiogram
    (кк. аа. жж / дд. мм. гг. /dd.​mm.​yy)
    Аудио­грам­ма / Audiogram
    (кк. аа. жж / дд.мм.гг. / dd. mm. yy)
    Көз­ді тек­се­ру / Об­сле­до­ва­ние зре­ния / Ophtalmology
    (кк. аа. жж / дд. мм. гг. /dd. mm. yy)
    Ме­ди­ци­на­лық жа­рам­ды­лық­ты тө­мен­де­ту­ші жағ­дай­лар:
    Ме­ди­ци­на­лық сер­ти­фи­кат­тар­дың ие­ле­рі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­тық авиа­ци­я­сын­да ме­ди­ци­на­лық ку­әлан­ды­ру және қа­рап-тек­се­ру қа­ғи­да­ла­ры­ның (бұ­дан әрі - Қа­ғи­да­лар) 27 және 28-тар­мақ­та­ры­на сәй­кес олар­дың ден­са­улы­ғы­ның жа­рам­ды­лы­ғын тө­мен­де­те­тін фак­тор­лар туын­да­ған кез­ден ба­стап са­рап­шы­ны де­реу ха­бар­дар ете­ді.
    Фак­то­ры, сни­жа­ю­щие ме­ди­цин­скую год­ность:
    Вла­дель­цы ме­ди­цин­ских сер­ти­фи­ка­тов неза­мед­ли­тель­но уве­дом­ля­ют экс­пер­та с мо­мен­та воз­ник­но­ве­ния фак­то­ров, сни­жа­ю­щих год­ность их здо­ро­вья в со­от­вет­ствии пунк­та­ми 27 и 28 Пра­вил ме­ди­цин­ско­го осви­де­тель­ство­ва­ния и осмот­ра в граж­дан­ской авиа­ции Рес­пуб­ли­ки Ка­зах­стан (да­лее - Пра­вил).
    Factors that reduce medical suitability:
    The medical certificate holders immediately notify the expert from the moment of occurrence of factors that reduce the suitability of their health in accordance with paragraphs 27 and 28 of the Rules of Medical Examination and Inspection in Civil Aviation of the Republic of Kazakhstan (hereinafter - the Rules).
    Ку­ә­лік ие­ле­рі өзде­рі­нің ку­ә­лік­те­ріне, бі­лік­ті­лік бел­гі­ле­ріне неме­се сер­ти­фи­кат­та­ры бой­ын­ша кә­сі­би құқық­та­ры мен мін­дет­те­рін орын­да­май­ды.
    Ме­ди­ци­на­лық сер­ти­фи­кат ие­ле­рі қан­дай да бір ау­ру неме­се шар­шау ке­зін­де, ден­са­улық жағ­дай­ы­на қа­ты­сты кез кел­ген күм­ән туын­да­ған кез­де, оның мін­дет­те­рін қа­уіп­сіз орын­дау қа­бі­ле­тіне әсер етуі мүм­кін әл-ауқа­ты пен ден­са­улық­қа бай­ла­ны­сты кез кел­ген жағ­дай­лар­да са­рап­шы­ға жү­гі­не­ді.
    Ме­ди­ци­на­лық сер­ти­фи­кат ие­сі мен жұ­мыс бе­ру­ші Қа­ғи­да­лар­дың та­лап­та­рын орын­да­ма­ға­ны үшін жа­у­ап бе­ре­ді.
    Вла­дель­цы сви­де­тельств не вы­пол­ня­ют про­фес­си­о­наль­ные пра­ва и обя­зан­но­сти со­глас­но сво­их сви­де­тельств, ква­ли­фи­ка­ци­он­ных от­ме­ток или сер­ти­фи­ка­тов.
    Об­ла­да­те­ли ме­ди­цин­ско­го сер­ти­фи­ка­та об­ра­ща­ют­ся к экс­пер­ту при воз­ник­но­ве­нии ка­ко­го-ли­бо за­бо­ле­ва­ния или утом­ле­ния, при лю­бых со­мне­ни­ях по по­во­ду со­сто­я­ния здо­ро­вья, при лю­бых слу­ча­ях, свя­зан­ных с са­мо­чув­стви­ем и здо­ро­вьем, ко­то­рые мо­гут по­вли­ять на спо­соб­ность без­опас­но вы­пол­нять его обя­зан­но­сти. Об­ла­да­тель ме­ди­цин­ско­го сер­ти­фи­ка­та и ра­бо­то­да­тель от­вет­ствен­ны за невы­пол­не­ние тре­бо­ва­ний Пра­вил.
    License holders do not fulfill professional rights and obligations under their licenses, qualification marks or certificates.
    The medical certificate holders turn to an expert in case of any illness or fatigue, in case of any doubts about the state of health, in any cases related to well-being and health that may affect the ability to safely perform his duties. The medical certificate holder and the employer are responsible for non-compliance with the requirements of the Rules.
    Ко­ды/ Код/ Code
    МСШ / ОМС / TML – ме­ди­ци­на­лық сер­ти­фи­кат­тың қол­да­ны­лу мер­зі­мі­нің шек­те­луі / огра­ни­че­ние сро­ка дей­ствия ме­ди­цин­ско­го сер­ти­фи­ка­та / limitation of the validity period of the medical certificate;
    КҚТ / КДР / VDL – алыс қа­шық­тан кө­ру қа­бі­ле­ті­нің бұ­зы­луын тү­зе­ту / кор­рек­ция на­ру­ше­ния зре­ния для даль­не­го рас­сто­я­ния / distance vision correction;
    АОЖКТ / КБ­СДР / VML – алыс, ор­та және жа­қын қа­шық­тан кө­ру қа­бі­ле­ті­нің бұ­зы­луын тү­зе­ту / кор­рек­ция на­ру­ше­ния зре­ния для даль­не­го, сред­не­го и близ­ко­го рас­сто­я­ния / far, medium, near distance vision correction;
    ЖКТ / КБР / VNL – жа­қын қа­шық­тан кө­ру қа­бі­ле­ті­нің бұ­зы­луын тү­зе­ту/ кор­рек­ция на­ру­ше­ния зре­ния для близ­ко­го рас­сто­я­ния / near distance vision correction;
    КЛТ / КИК / CCL – кон­такт­тық лин­за­лар­ды қол­да­ну ға­на ар­қы­лы кө­ру­ді тү­зе­ту / кор­рек­ция зре­ния с ис­поль­зо­ва­ни­ем толь­ко кон­такт­ных линз / vision correction using contact lenses only;
    КҰ / ДП / VCL – тек күн­діз­гі рей­стер­ге (күн­діз­гі ұшу­лар) жа­рам­ды / дей­стви­те­лен для по­ле­тов толь­ко в днев­ное вре­мя (днев­ные по­ле­ты) / Valid for daytime flights (daytime flights) only;
    ЖЖ / ЖБП / OPL – жо­ла­у­шы­лар­сыз ға­на жа­рам­ды / дей­стви­те­лен толь­ко без пас­са­жи­ров / valid only without passengers;
    ҚЕБ / БДУ / OSL – қа­уіп­сіз­дік­ті қам­та­ма­сыз ете­тін ұш­қыш және қос бас­қа­ры­ла­тын әуе ке­ме­сіне ға­на жа­рам­ды / дей­стви­те­лен толь­ко с без­опас­ным пи­ло­том и для воз­душ­но­го суд­на с двой­ным управ­ле­ни­ем / valid only with a safe pilot and for an aircraft with dual controls;
    ДӘК / ДВС / OAL – де­мон­стра­ци­я­лан­ған әуе ке­ме­сі­нің тү­рі үшін жа­рам­ды / го­ден для де­мон­стри­ро­ван­но­го ти­па воз­душ­но­го суд­на / suitable for the demonstrated aircraft type;
    БҚБ / УРУ / AHL – тек бе­кі­ті­л­ген қол­мен бас­қа­ру­мен жа­рам­ды / дей­стви­те­лен толь­ко с утвер­жден­ным руч­ным управ­ле­ни­ем / valid only with approved manual control.
    Мо­ни­то­ринг­қа ке­лу мер­зім­де­рі:
    Сро­ки явок на мо­ни­то­ринг:
    Terms of attendance for monitoring:
    Екі жақты бланк; мөлшері – ұзындығы 295 мм, ені 105 мм; күрделі түрі – пішіні А7; «ҚР картасының контуры немесе КZ, немесе KAZ» сутаңбалары бар қағаз; Қазақстан Республикасы картасының контурымен голограмманың диаметрі - 12 мм; BARCODE өлшемі – жан жағы 30 мм төртбұрыш, онда медициналық сертификат иесінің мәліметтері бар: Толық аты-жөні: Туған күні: Берілген күні: AMС толық аты-жөні: Класс: Шектеу: Жарамдылық бастауы: Жарамды аяқталуы: Көз түсі: Шаш түсі: Жынысы: Салмағы: Бойы:.

    Бұйрығына 3-қосымша

    Қазақстан Республикасының

    азаматтық авиациясында

    медициналық куәландыру және

    қарап-тексеру қағидаларына

    18-қосымша

    Нысан

    Ұшудан шеттету (ӘҚҚ ауысымнан) туралы анықтама

    _______________________________________________________________________________ Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы

    медициналық тексеруде ұшудан (кезекшіліктен) шеттетілді.

    Рейсі, күні, уақыты (сағаты, минуты) __________________________________

    Алдын ала диагноз __________________________________________________

    Қысқаша объективті деректер _________________________________________

    Сарапшыға келу күні ________________________________________________

    ________________________________________________________________________________ Лауазымы, медицина қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы

    Күні

    Медициналық ұйымның мөрі

    (болған жағдайда)

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.