Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 19 желтоқсан 2025 ж.
Қарағанды қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы № 56 «Қарағанды қаласында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарағанды қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы № 56 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6461-09 болып тіркелген) «Қарағанды қаласында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Төраға
А. Букенов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.