«Шу ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» Шу аудандық мәслихатының 2024 жылғы 12 ақпандағы №16-4 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7 бабына және « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына сәйкес, Шу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Шу ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» Шу аудандық мәслихатының 2024 жылғы 12 ақпандағы №16-4 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2024 жылғы 13 ақпанда №5149 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Шу ауданының мәслихат аппаратының басшысы
Е. Сасыкбаев Серикбай
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.