«Астана қаласы барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» Астана қаласы мәслихатының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы 296/37-VII шешімінің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Астана қаласы барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» Астана қаласы мәслихатының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы 296/37-VII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31530 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласы мәслихатының төрағасы
Т. Зейнұлқабден
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.