Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 12 желтоқсан 2025 ж.

    Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-9-тармағына, « Тұрғын үй қатынастары туралы » Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабының 2-тармағына сәйкес Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Тұрғын үй сертификатының мөлшері қарыз сомасының 10%, бірақ 1 000 000 (бір миллион) теңгеден артық емес мөлшерді құрайды деп айқындалсын.

    2. Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі осы шешімге қосымшаға сәйкес айқындалсын.

    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Шымкент қаласы мәслихатының төрағасы

    Б. Нарымбетов

    Шымкент қаласы мәслихатының

    2025 жылғы 12 желтоқсандағы

    № 31/283-VIII шешіміне

    қосымша

    Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі

    1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері;

    2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;

    3) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;

    4) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар;

    5) мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

    6) асырауында кәмелетке толмаған балалары бар жесір әйелдер (тұл ер адамдар);

    7) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;

    8) жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

    9) толық емес отбасылар;

    10) Шымкент қаласының мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындарының жұмыскерлері.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.