Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Бинаш ауылының атауы жоқ тұйық көшелеріне атаулар беру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», Қазақстан Республикасы Заңының 25-1-бабының 2-тармағына сәйкес және 2025 жылғы 27 қарашадағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде ШЕШТІ:
1. Ноғайбай би ауылдық округінің Бинаш ауылындағы келесі тұйық көшелеріне атаулар берілсін:
№ 1 атауы жоқ көшеге – Наурыз атауы берілсін;
№ 2 атауы жоқ тұйық көшеге – Болашақ атауы берілсін;
№ 3 атауы жоқ тұйық көшеге – Игілік атауы берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ноғайбай би ауылдық округінің әкімі
Э. Васильева
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.