Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Лебяжье ауылының атауы жоқ тұйық көшелеріне атаулар беру туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 12 желтоқсан 2025 ж.

    Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Лебяжье ауылының атауы жоқ тұйық көшелеріне атаулар беру туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және 2025 жылғы 27 қарашадағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының Лебяжье ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

    1. Лебяжье ауылдық округінің Лебяжье ауылындағы келесі тұйық көшелеріне атаулар берілсін:

    № 1 атауы жоқ тұйық көшеге – Аққу көшесі;

    № 2 атауы жоқ тұйық көшеге – Достық көшесі;

    № 3 атауы жоқ тұйық көшеге – Бірлік көшесі;

    № 4 атауы жоқ тұйық көшеге – Бейбітшілік көшесі;

    № 5 атауы жоқ тұйық көшеге – Ардагерлер көшесі;

    № 6 атауы жоқ тұйық көшеге – Ынтымақ көшесі;

    № 7 атауы жоқ тұйық көшеге – Болашақ көшесі;

    № 8 атауы жоқ тұйық көшеге – Еңбек көшесі;

    № 9 атауы жоқ тұйық көшеге – Жеңіс көшесі.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Лебяжье ауылдық округінің әкімі

    Ш. Омарова

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.