Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 19 желтоқсан 2025 ж.
Риддер қаласы бойынша 2026 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға жұмсалатын шығыстардың ең аз мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 10-3 бабының 1-тармағына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2026 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға жарналардың ең төменгі мөлшері Риддер қаласындағы республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 0,014 (нөл бүтін он төрт мыңыншы) мөлшерінде бекітілсін.
2. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Риддер қалалық мәслихатының төрағасы
Е. Нужных
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.