Үй жануарларын серуендетуге не өзге мақсатта жануарлармен жүруге тыйым салынған орындарды айқындау туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 15 желтоқсан 2025 ж.

    Үй жануарларын серуендетуге не өзге мақсатта жануарлармен жүруге тыйым салынған орындарды айқындау туралы

    «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 1-2-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес үй жануарларын серуендетуге не өзге мақсатта жануарлармен жүруге тыйым салынған орындарды айқындалсын.

    2. Осы қаулы 2026 жылғы 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    Е. Степаненко

    Солтүстік Қазақстан облысы

    Мамлют ауданы әкімдігінің

    2025 жылғы 15 желтоқсандағы

    № 357 қаулысына

    қосымша

    Үй жануарларын серуендетуге не өзге мақсатта жануарлармен жүруге тыйым салынған орындар

    1. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарының аумақтарында.

    2. Білім беру ұйымдарының аумақтарында.

    3. Дене шынықтыру-спорт ұйымдарының аумақтарында.

    4. Медициналық ұйымдарының аумақтарында.

    5. Емдеу ұйымдарының аумақтарында.

    6. Мәдениет ұйымдарының аумақтарында.

    7. Балалар және спорттық ойын алаңдарының аумақтарында.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.