Астрахан ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 2 қыркүйектегі № 294 «Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалға беру (жалға алу) кезінде жалгерлік ақы мөлшерлемесін есептеу Қағидасын бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп есептеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және Қазақстан Республикасы ұлттық экономика Министрлігінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалға беру (жалға алу) Қағидасын бекіту туралы» Бұйрығына сәйкес, Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақмола облысы әділет Департаментінде 2014 жылғы 2 қазандағы № 4379 тіркелген, Астрахан ауданы әкімдігінің «Аудандық коммуналдық мүлікті мүліктік жалға беру (жалға алу) кезінде жалгерлік ақы мөлшерлемесін есептеу Қағидасын бекіту туралы» 2014 жылғы 2 қыркүйектегі № 294 қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Астрахан ауданының әкімі
Т. Ерсейітов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.