Аудандық маңызы бар Құлсары қаласының көшелеріне атау беру туралы

    ЖаңаЖергілікті билік органдарының бірлескен актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 8 желтоқсан 2025 ж.

    Аудандық маңызы бар Құлсары қаласының көшелеріне атау беру туралы

    «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабының 5-1) тармақшасына сәйкес, қала тұрғындарының пікірін ескере отырып және республикалық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 7 қарашадағы қорытындысы негізінде, Жылыой ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жылыой аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Аудандық маңызы бар Құлсары қаласының көшелеріне келесі атаулар берілсін:

    1) № 30 көшеге – Қызылқұл Бектембаев көшесі;

    2) № 48 көшеге – Мырзағали Шоқпаров көшесі;

    3) № 49 көшеге – Жұмаддин Әлдекенұлы көшесі;

    4) № 262 көшеге – Қабас Сатаев көшесі.

    2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Жылыой ауданы әкімінің міндетін атқарушы

    Г. Айшуақова

    Жылыой аудандық мәслихат төрағасы

    Қ. Мыңбаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.