Екібастұз қаласы әкімдігінің және Екібастұз қалалық мәслихатының кейбір бірлескен қаулылары мен шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаЖергілікті билік органдарының бірлескен актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 17 желтоқсан 2025 ж.

    Екібастұз қаласы әкімдігінің және Екібастұз қалалық мәслихатының кейбір бірлескен қаулылары мен шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Павлодар облысы Екібастұз қаласының әкімдігінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 328/4 және Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 31/4 «Екібастұз қаласының жекелеген санаттағы азаматтарының қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 7284 болып тіркелген) бірлескен қаулысы мен шешімінің күші жойылды деп танылсын.

    2. Павлодар облысы Екібастұз қаласының әкімдігінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 292/4 және Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 116/18 «Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 328/4 және Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 31/4 «Екібастұз қаласының жекелеген санаттағы азаматтарының қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» бірлескен қаулысымен шешіміне өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27929 болып тіркелген) бірлескен қаулысы мен шешімінің күші жойылды деп танылсын.

    3. Осы бірлескен қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Екібастұз қаласының әкімі

    А. Бейсекин

    Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы

    Н. Макраев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.