«Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуді, абоненттер туралы қызметтік ақпараттарды жинауды және сақтауды қамтамасыз ету бойынша телекоммуникациялық жабдықтарға қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2021 жылғы 27 шiлдедегі № 85/қе бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуді, абоненттер туралы қызметтік ақпараттарды жинауды және сақтауды қамтамасыз ету бойынша телекоммуникациялық жабдықтарға қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2021 жылғы 27 шiлдедегі № 85/қе бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23744 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын техникалық жүргізуді, абоненттер және (немесе) байланыс қызметтерін пайдаланушылар туралы қызметтік ақпаратты жинауды және сақтауды қамтамасыз ету бойынша телекоммуникациялық жабдықтарға қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы»;
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған «Жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын техникалық жүргізуді, абоненттер және (немесе) байланыс қызметтерін пайдаланушылар туралы қызметтік ақпаратты жинауды және сақтауды қамтамасыз ету бойынша телекоммуникациялық жабдықтарға қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламенті бекітілсін»»
«Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуді, абоненттер туралы қызметтік ақпараттарды жинауды және сақтауды қамтамасыз ету бойынша телекоммуникациялық жабдықтарға қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламенті осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақпарат және киберқауіпсіздік қызметі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде электрондық нысанда жіберуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты
Е. Сағымбаев
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрі
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2025 жылғы «___» ________
№___ бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2021 жылғы 27 шілдедегі
№ 85/қе бұйрығымен бекітілген
«Жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын техникалық жүргізуді, абоненттер және (немесе) байланыс қызметтерін пайдаланушылар туралы қызметтік ақпаратты жинауды және сақтауды қамтамасыз ету бойынша телекоммуникациялық жабдықтарға қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламенті
1-тарау. Қолдану саласы
1. Осы «Жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын техникалық жүргізуді, абоненттер және (немесе) байланыс қызметтерін пайдаланушылар туралы қызметтік ақпаратты жинауды және сақтауды қамтамасыз ету бойынша телекоммуникациялық жабдықтарға қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі – техникалық регламент) «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын (бұдан әрі - іс-шаралар) жүргізудің техникалық мүмкіндіктерін іске асыру, абоненттер және (немесе) байланыс қызметтерін пайдаланушылар туралы қызметтік ақпаратқа (бұдан әрі - қызметтік ақпарат) қол жеткізу үшін электр байланысы желілерінде телекоммуникациялық жабдыққа міндетті талаптарды белгілейді.
2. Осы техникалық регламенттің талаптары Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес 85 топтың 8517 тауарлық позициясымен жіктелетін, дауыс, бейне және басқа да деректерді беру немесе қабылдауға арналған аппаратура субпозициясындағы, оның ішінде сыммен немесе сымсыз байланыс желісіндегі коммуникация үшін аппаратураны қосқанда мынадай түрлері:
1) коммутациялық құрылғылар, тіркелген телефон байланысы желілерінің коммутаторлары;
2) коммутациялық құрылғылар, ұялы, спутниктік және басқа жылжымалы телефон байланыс желілерінің коммутаторлары;
3) Интернетке қол жеткізуді қамтамасыз ететін тіркелген байланыс деректер беру желілерінің коммутациялық құрылғылары;
4) Интернетке қол жеткізуді қамтамасыз ететін ұялы, спутниктік және басқа жылжымалы байланыс деректер беру желілерінің коммутациялық құрылғылары;
5) коммутациялық құрылғылар, ведомстволық, корпоративтік, арнаулы телекоммуникациялар желілеріне қосылатын, ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желілеріне қосылатын телекоммуникациялар желілерінің коммутаторлары.
3. Осы техникалық регламенттің 2-тармағында көрсетілген телекоммуникациялық жабдық (бұдан әрі – коммутациялық жабдық) жобалық, шарттық, техникалық құжаттамаларға және (немесе) таңбалауға сәйкес сигналдарды коммутациялау және беру үшін функционалдық мақсаты бойынша сәйкестендіріледі.
Коммутациялық жабдық мемлекеттік құпияларды құрайтын ақпаратты өңдеуге, сақтау, пайдалану үшін арналмаған.
4. Телефондық, дауыс, құжаттамалық, мәтіндік, графикалық, аудио және бейнехабарламаларды беру үшін абоненттердің және (немесе) байланыс қызметтерін пайдаланушылардың (бұдан әрі - абоненттер) байланысын жүзеге асыру кезіндегі электрмагниттік немесе оптикалық сигналдарының коммутациясы функционалдық мақсаты бойынша коммутациялық жабдықты сәйкестендіру алғышарттары болып табылады.
5. Коммутациялық жабдықтың іс-шараларды жүргізу мен қызметтік ақпаратты жинауға және сақтауға кері әсер ететін қауіпті (тәуекел) факторлары:
1) іс-шаралар жүргізу, қызметтік ақпаратты жинау мен сақтаудың техникалық мүмкіндіктерінің шектелуі немесе жоқтығы;
2) іс-шаралар жүргізу құралдары мен қызметтік ақпаратты жинау және сақтау құралдарына рұқсатсыз ену;
3) іс-шаралар жүргізу құралдары мен қызметтік ақпаратты жинау және сақтау құралдарын қылмыстық және құқыққа қайшы мақсатта қолдану болып табылады.
2-тарау. Терминдер мен анықтамалар
6. Осы техникалық регламентте мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) әкімшілендіру, өңдеу және бақылау интерфейсі – іс-шараларын өткізу құралдарында немесе қызметтік ақпараттарды жинау және сақтау құралдарында іс-шаралардың нәтижелерін алуға, басқаруға, қызметтік ақпараттарды алуға, іс-шараларын өткізу құралдарына немесе қызметтік ақпараттарды жинау және сақтау құралдарына қосылған компьютерлік жұмыс орындарында қолданушылардың іс-қимылдарын бақылауға арналған бағдарламалық іске асыру;
2) белгіленген абонент – оның телефонмен сөйлесулерін және (немесе) хабарламаларын қармауды жүзеге асыру үшін коммутациялық жабдықтың іс-шараларын өткізу құралдарындағы абоненттік немесе пайдаланушы нөмірі, сәйкестендірме коды немесе басқа да сәйкестендіргіш қойылған байланыс желісінің абоненті немесе байланыс қызметтерін пайдаланушы;
3) байланыс желісінің иесі - басқару, ұйымдастырушылық, ішкі өндірістік мақсаттарды іске асыру кезінде байланыс қызметтерін көрсетуді және (немесе) байланыс беруді қамтамасыз ететін телекоммуникациялар құралдары мен байланыс желілері тиесілі жеке немесе заңды тұлға;
4) виртуалды байланыс желісі - негізгі телекоммуникациялар желісінің құрамында дербес желі түрінде аппараттық-бағдарламалық деңгейде іске асырылған телекоммуникациялар желісі;
5) ену интерфейсі – коммутациялық жабдықтардың іс-шараларын жүргізу құралдарына немесе қызметтік ақпараттарды жинау және сақтау құралдарына іс-шараларын техникалық жүргізуін немесе қызметтік ақпараттарды жинау және сақтауды қамтамасыз ету үшін әкімшілендіру, өндеу және бақылау интерфейстерін қалыптастыра отырып компьютерлік жұмыс орындарын физикалық және логикалық қосуды аппараттық және бағдарламалық іске асыру;
6) коммутациялық жабдық – сигналдарды коммутациялаудың жүйесі болатын техникалық құрылғылар, аппараттық және бағдарламалық құралдар, оның ішінде жылжымалы немесе тіркелген телефонды байланыс желісінде немесе деректерді жіберу желісінде электромагнитті немесе оптикалық сигналдарды жіберуді, қабылдауды, коммутациялауды қамтитын;
7) коммутациялық торап - байланыс қызметтерін қамтамасыз ету үшін коммутациялық жабдық негізінде қалыптасқан және жергілікті орналасқан жабдықтар кешені;
8) компьютерлік жұмыс орны - лицензиялық бағдарламалық жасақтамасы бар есептеу техникасының дербес құралы;
9) қармау – телефон арқылы өткізілген сөйлесулерді тыңдау, хабарламаларды санау үшін абоненттің немесе байланыс қызметтерін пайдаланушының коммутациялық жабдығындағы байланыс арнасына қосылу;
10) қызметтік ақпаратты жинау және сақтау – абоненттер және (немесе) байланыс қызметтерін пайдаланушылар және оларға көрсетілген байланыс қызметтері туралы мәліметтерді жинау мен сақтау;
11) қызметтік ақпаратты жинау және сақтау құралдары – абоненттер және (немесе) байланыс қызметтерін пайдаланушылар және оларға көрсетілген байланыс қызметтері туралы мәліметтерді жинау, сақтау мен ұсыну функцияларын қамтамасыз ететін және коммуникациялық жабдықтың құрамына кіретін аппараттық және (немесе) бағдарламалық құралдар;
12) қызметтік ақпараттарды жинау және сақтау орталығы – байланыстың бүкіл желісі бойынша қызметтік ақпараттарды алу үшін коммутациялық жабдықтың барлық бөлек қызметтік ақпараттарды жинау және сақтау құралдарының аппараттық және бағдарламалық бірлестігі;
13) уәкілетті орган – байланыс желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын техникалық жүргізуді жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметі туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган;
14) шығарылған басқару тетігі – жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын техникалық жүргізу жөніндегі уәкілетті органның аппараттық-бағдарламалық кешені;
15) іс-шаралар өткізу құралдары – коммутациялық жабдықтың құрамына енетін және жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын техникалық тұрғыдан жүргізу функцияларын қамтамасыз ететін аппараттық және (немесе) бағдарламалық құралдар;
16) іс-шаралар өткізу орталығы – байланыстың барлық желісінде бір мезгілде іс-шараларын өткізу үшін байланыс желісіндегі коммутациялық жабдықтың іс-шараларын барлық бөлек өткізу құралдардың аппараттық және бағдарламалық бірлестігі.
3-тарау. Коммутациялық жабдықты Қазақстан Республикасы нарығында айналымға шығару шарттары
7. Коммутациялық жабдық осы техникалық регламентке сәйкес болған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға беріледі, пайдаланылады.
8. Осы техникалық регламентке сәйкестік туралы мәтіндік түрде ақпаратты қамтитын, коммутациялық жабдық осы техникалық регламентке сәйкестік сертификатымен және таңбалануымен бірге жүруі тиіс.
4-тарау. Коммутациялық жабдыққа талаптар
9. Коммутациялық жабдықтың осы техникалық регламентке сәйкестігі оның талаптарын тікелей орындау және осы техникалық регламентте келтірілген өзара байланысты стандарттардың талаптарын орындау арқылы қамтамасыз етіледі, осы техникалық регламенттің 1-қосымшасы на сәйкес қолдану нәтижесінде техникалық регламентінің талаптарын сақтауды қамтамасыз ететін өзара байланысты стандарттар тізбесінде келтірілген.
1-параграф. Іс-шараларды техникалық жүргізуді қамтамасыз ету бойынша талаптар
10. Коммутациялық жабдық, бағдарламалық қамтамасыз етуді қоса алғанда құрамында мынадай іс-шараларын өткізу құралдары болуы тиіс:
1) тіркелген телефон байланысы желілерінің коммутациялық жабдығы құрамында белгіленген абоненттердің телефондық аудио және бейне сөйлесулерін, жіберген, алған мәтіндік, графикалық, факсимильді хабарламаларын, шығыс және кіріс қоңыраулары және белгіленген абоненттердің қармалған сөйлесулері және (немесе) хабарламалары бойынша биллингтік мәліметтерін, оларға көрсетілген байланыс қызметтері туралы мәліметтерді қармауды, жазып алуды, сақтауды, тындауды, қарауды, сыртқы ақпарат жеткізгіш пен сыртқы ақпараттық жүйелерге жазып алуды (экспорт жасауды) қамтамасыз ететін іс-шараларын өткізу құралдары техникалық мүмкіндіктер (функциялар) болуы тиіс;
2) ұялы, спутниктік және басқа да жылжымалы телефон байланысы, желілерінің коммутациялық жабдығы құрамында белгіленген абоненттердің телефондық аудио және бейнесөйлесулерін, жіберген, алған қысқа мәтіндік хабарламаларын (SMS), шығыс және кіріс қоңыраулар және белгіленген абоненттердің, бойынша қармалған сөйлесулері және (немесе) хабарламалары бойынша биллингтік мәліметтерін, олардың орналасқан жері және оларға көрсетілген байланыс қызметтері туралы мәліметтерін қармауды, жазып алуды, сақтауды, тындауды, қарауды, сыртқы ақпарат жеткізгіш пен сыртқы ақпараттық жүйелерге жазып алуды (экспорт жасауды) қамтамасыз ететін іс-шараларын өткізу құралдары болуы тиіс;
3) Интернетке қол жеткізуді қамтамасыз ететін тіркелген телефон байланысы желілерінің коммутациялық жабдығы құрамында белгіленген абоненттердің жіберген, алған мәтіндік, графикалық, аудио- және бейне хабарламаларын және белгіленген абоненттердің қармалған хабарламалары бойынша биллингтік мәліметтерін, оларға көрсетілген байланыс қызметтері туралы деректер жіберу желісіндегі мекенжайлары, Интернет-ресурстарға кіру мекенжайлары, Интернет-ресурсты сәйкестендірушілері, деректер беру желісінің хаттамалары туралы мәліметтерді қармауды, жазып алуды, сақтауды, тындауды, қарауды, сыртқы ақпарат жеткізгіш пен сыртқы ақпараттық жүйелерге жазып алуды (экспорт жасауды) қамтамасыз ететін, сондай-ақ белгіленген абоненттердің трафиктерін басқаруды қамтамасыз ететін іс-шараларын өткізу құралдары болуы тиіс;
4) Интернетке қол жеткізуді қамтамасыз ететін ұялы, спутниктік және басқа жылжымалы телефон байланыс желілерінің коммутациялық жабдығы құрамында белгіленген абоненттердің жіберген, алған мәтіндік, графикалық, аудио және бейнехабарламаларын, оның ішінде белгіленген абоненттердің қармаланған хабарламалары бойынша биллингтік мәліметтерін, оларға көрсетілген байланыс қызметтері туралы және орналасқан жері туралы, деректер жіберу желісіндегі мекенжайлары, Интернет-ресурстарға кіру мекенжайлары, Интернет-ресурсты сәйкестендірушілері, деректер беру желісінің хаттамалары туралы мәліметтерді қармауды, жазып алуды, сақтауды, тындауды, қарауды, сыртқы ақпарат жеткізгіш пен сыртқы ақпараттық жүйелерге жазып алуды (экспорт жасауды) қамтамасыз ететін, сондай-ақ белгіленген абоненттердің трафиктерін басқаруды қамтамасыз ететін іс-шараларын өткізу құралдары болуы тиіс.
Белгіленген абоненттердің қармалған сөйлесулері және (немесе) хабарламалары бойынша биллингтік мәліметтердің құрамына олардың байланыс қызметтерін төлегені туралы мәліметтер кіруге тиіс.
11. Ведомстволық, корпоративтік, арнаулы электр байланысы желілерінің сондай-ақ виртуалды байланыс желілерін құрайтын байланыс желілерінің коммутациялық жабдықтары құрамында осы техникалық регламенттің 10-тармағының талаптарына сәйкес іс-шараларды жүргізу құралы болуы тиіс.
12. Іс-шаралар өткізу құралдары компьютерлік жұмыс орындарын қосу үшін қол жеткізу интерфейсін қамтамасыз етуге тиіс. Көрсетілген жұмыс орындары іс-шараларын жүргізу құралдарын басқару, іс-шаралардың нәтижелерін алу, жұмыс орындары пайдаланушыларының іс-қимылын бақылау мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге тиіс. Осы мақсатта қол жеткізу интерфейсі әкімшілік ету, өңдеу және бақылау жұмыс орындарын ұйымдастыру тиіс. Қол жеткізу интерфейсіне қойылатын талаптар ұлттық стандартта белгіленеді, осы техникалық регламенттің 1-қосымшасы на сәйкес, қолдану нәтижесінде техникалық регламентінің талаптарын сақтауды қамтамасыз ететін өзара байланысты стандарттар тізбесінде келтірілген.
13. Байланыс желісінде әртүрлі коммутациялық тораптардың коммутациялық жабдықтары, оның ішінде техникалық мүмкіндіктер шектелген жағдайда, бір коммутациялық тораптың коммутациялық жабдықтарын басқа коммутациялық тораптың қолжетімділік интерфейсі бар коммутациялық жабдықтарына қосу арқылы немесе қолжетімділік интерфейсі бар коммутациялық жабдық арқылы трафикті өткізу арқылы іс-шараларды техникалық жүргізу функциялары бойынша біріктірілуі мүмкін.
14. Коммутациялық жабдықтың іс-шараларын өткізу құралдары әкімшілік ету интерфейсі арқылы аталған коммутациялау торабының коммутациялық жабдыққа қосылған немесе тіркелген абоненттер жалпы санының бір пайыздан кем емес белгіленген абоненттерінің сөйлесулерін және (немесе) хабарламаларын қармауға қоюды қамтамасыз етуі тиіс.
Көрсетілген коммутациялық жабдықта іс-шараларын өткізу құралдарымен аталған жабдықта қойылған абоненттер жалпы санының он пайыздан кем емес белгіленген абоненттерінің сөйлесулерін және (немесе) хабарламаларын бір мезгілді қармауды қамтамасыз етуге тиіс, сонымен қатар есеп саны бестен кем болмау керек.
15. Іс-шаралар өткізу құралдары өңдеу интерфейсі арқылы нақты уақытта белгіленген абоненттердің телефондық сөйлесулерін сөйлесулер өткізу кезінде тыңдауды қамтамасыз етуі тиіс.
16. Іс-шаралар өткізу құралдары жүйелік уақытын Астана қаласының уақытымен бір секунд дәлдігімен синхрондауды және барлық қармалатын телефондық сөйлесулер мен хабарламаларға сәйкес уақыт белгілерін беруді қамтамасыз етуі тиіс.
17. Ұялы немесе басқа жылжымалы байланыс желісінің белгіленген абоненттің бір коммутациялау торабының қызмет көрсету аймағынан басқа коммутациялау торабының қызмет көрсету аймағына ауысып кеткен жағдайда сөйлесулерін және (немесе) хабарламаларын қармауды жүзеге асыру кезінде көрсетілген коммутациялық торабтың іс-шараларын өткізу құралдары белгіленген абоненттің сөйлесулерін және (немесе) хабарламаларын толық көлемде, үзусіз, жоғалтпай және жіберіп алмай қармау және жазуды қамтамасыз ету тиіс.
18. Байланыс желісінде өзгеретін сәйкестендіргіштерді (телефон номірлерін, ІP-мекенжайларын, МАС-мекенжайларын) пайдаланған кезде, мысалы абоненттерді тіркеген немесе NAT (Network Address Translatіon) қолданған кезде жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу құралдары абоненттерге иемденген барлық сәйкестендіргіштері олардың өзгеруінің барлық кезеңдерінде нақты сәйкестігін айқындауды, көрсетілген сәйкестендіргіштер бойынша белгіленген абоненттердің сөйлесулерін және (немесе) хабарламаларын анықтау мен қармауды қамтамасыз етуі тиіс.
19. Іс-шаралар өткізу құралдары белгіленген абоненттердің сөйлесулерін және (немесе) хабарламаларын қармауды, олар көп жақты қосылыстарды, көп жақты басқа мекен-жайға жіберуді жүзеге асырғанда, басқа қосымша байланыс қызметтерін қолданғанда қамтамасыз етуі тиіс.
20. Коммутациялық жабдығы және (немесе) оның жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу құралдары істен шыққан, жұмысын тоқтатқан, тоқтап қалған, қайта қосылған кезде жұмысқа қабілеттілігі қалпына келтіргеннен кейін белгіленген абоненттердің телефондық сөйлесулерін және (немесе) хабарламаларын қармауға берілген барлық тапсырмаларды автоматты түрде қалпына келтіруді және толық көлемде қармауды қамтамасыз етуі тиіс.
21. Іс-шаралар өткізу құралдары белгіленген абоненттердің үш айлық уақыт кезеңінде қармалған телефондық сөйлесулердің және (немесе) мәтіндік, графикалық, аудио және бейнехабарламалардың жазбасын, сондай-ақ қармалған хабарламалар бойынша биллингтік және басқа да мәліметтерді сақтауды қамтамасыз етуі тиіс.
22. Байланыс желісінде телефондық сөйлесулерін және (немесе) хабарламаларын кодтауды, шифрлауды қолдану кезінде іс-шараларын өткізу құралдары белгіленген абоненттер телефондық сөйлесулерінің және (немесе) хабарламаларының кодын ашуды, шифрін ашуды қамтамасыз етуі тиіс.
Байланыс желілерінде қолданылатын телефондық сөйлесулерін және (немесе) хабарламаларын кодтау, шифрлау кілттері болған жағдайда, іс-шараларын өткізу құралдары көрсетілген кілттерді қолданып белгіленген абоненттер телефондық сөйлесулерінің және (немесе) хабарламаларының кодын ашуды, шифрін ашуды қамтамасыз етуі тиіс.
23. Іс-шараларын өткізу құралдары қауіпсіздік сертификатымен шифрлауды қолдайтын хаттамаларды қолданып жіберген белгіленген абоненттер хабарламаларының шифрін ашуын қамтамасыз етуі тиіс.
24. Жылжымалы ұялы байланыс желілерінде белгіленген абоненттер абоненттік құрылғылардың базалық станцияның секторына дейін дәлдігімен, соның ішінде қала аймағында үш жүз метрге дейін орналасқан жері анықталуын қамтамасыз етуі тиіс.
Спутниктік байланыс желілеріндегі белгіленген абоненттердің абоненттік құрылғыларының орналасуын анықтау он бес метрге дейінгі дәлдікпен қамтамасыз етілуге тиіс.
Абоненттік құрылғылардың орналасқан жерлері анықталуы және орналасқан жерлері туралы мәліметтер жазылуы мынадай жағдайларда қамтамасыз етуі тиіс:
байланыс желісінде тіркеу кезінде;
қосылу немесе қосылу әрекеттерін жасауды жүзеге асыру кезінде (белсенді байланыс режимінде);
қосылу барысында орнын ауыстыру кезінде (белсенді байланыс режимінде);
қосылусыз орнын ауыстыру кезінде (белсенді емес байланыс режимінде);
байланыс желісінде көрсетілетін қызметтерді қолдану кезінде;
абонентпен спутниктік геопозицияның функцияларын қолдану кезінде (аталған ақпарат байланыс желісінде болған жағдайда);
он бес минуттан аспайтын белгіленген мерзімділікпен желіішілік сұраулар бойынша.
Абоненттік құралдардың орналасқан жерлері өңдеу интерфейсі арқылы сұранымдар бойынша кестелер түрінде аймақпен және аймақтың географиялық картасы бейнесімен қоса қамтамасыз етуі тиіс.
Аймақтың географиялық картасының жаңартуы маңызды қалпына дейін үш айда бір реттен кем емес жүзеге асырылуды қамтамасыз етуі тиіс.
Ұялы байланыс желісінің барлық базалық станцияларының орналасқан жері туралы мәліметтерді сақтау қамтамасыз етілуі тиіс. Көрсетілген мәліметтерді өзекті күйге дейін жаңарту күн сайын жүзеге асырылуға тиіс.
Ұялы байланыс желісінің барлық базалық станцияларының, оның ішінде сынақ режимінде жұмыс істейтіндердің орналасқан жері туралы мәліметтерді қол жеткізу интерфейсі арқылы алу (экспорт) қамтамасыз етілуге тиіс.
25. Іс-шараларын өткізу құралдары белгіленген абоненттерге қатысты іс-шараларын техникалық тұрғыдан жүргізу үзіліссіз, тәулік бойы режимінде, желінің барлық трафигі бойынша толық көлемде, шығынсыз жүргізуі тиіс.
Іс-шараларын техникалық тұрғыдан жүргізу байланыс желісінің, соның ішінде желіге уақытша қосылған әрбір абоненттерге (роумингтік абоненттері) қатысты қамтамасыз етуі тиіс.
26. Белгіленген абоненттердің трафигін басқару көрсетілген абоненттердің деректер беру желісіне авторизация және қолжетімділік жүзеге асырылатын коммутациялық жабдықта қамтамасыз етілуге тиіс.
27. Белгіленген абоненттердің телефондық сөйлесулері және (немесе) хабарламалары келіп түсуі техникалық істен шығу, тоқтап қалу жағдайларында іс-шараларын өткізу құралдары өңдеу интерфейсінде белгіленген абоненттердің өткізілген телефондық сөйлесулері және (немесе) хабарламалары туралы ескертуді қамтамасыз етуі тиіс.
28. Іс-шараларын өткізу құралдары мәтіндік, графикалық, аудио және бейнефайлдар түрінде барлық ақпаратты сыртқы ақпарат жеткізгіш пен сыртқы ақпараттық жүйелерге жазып алуды (экспорт жасауды) қамтамасыз етуі тиіс.
Көшірудің (экспорт жасаудың) өнімділігі бір тәулік бойынша жазу көлемі төрт сағаттан көп емес қамтамасыз етілуі тиіс.
29. Іс-шараларды өткізу құралдары әкімшілік, өңдеу және қадағалау интерфейстері арқылы жүргізілген барлық әрекеттердің, рұқсат етілмеген қол жеткізу әрекеттерінің, әрекет немесе хабардың уақыты мен түрін қоса алғанда, жауап беру жүйелік хабарламаларының электрондық журналдарда жазылуын қамтамасыз етуге тиіс.
Көрсетілген жазулардың сақталуы екі жыл бойы қамтамасыз етілуі тиіс.
Электрондық журналдарға ақпаратқа өзгертулерді енгізу мүмкіндігін алып тастап, әкімшілік және бақылау интерфейстері арқылы қатынас құруды қамтамасыз етуі тиіс.
Жазбалар құрамындағы әртүрлі параметрлер бойынша электрондық журналдарда сүзгілерді қолдана отырып, ақпаратты қарау, мысалы, жазба түрі, уақыт кезеңі, абонент идентификаторы, жұмыс орны пайдаланушы идентификаторы, сондай-ақ таңдалған ақпаратты сыртқы ақпарат жеткізгіштеріне жазу (экспорт) қамтамасыз етілуге тиіс.
Іс-шаралардың нәтижелері электрондық журналдарға жазылмайды.
30. Іс-шараларын өткізу құралдары өз құрамында маңызды вирусқа қарсы бағдарламалық қамтамасыз етудің бар болуын қамтамасыз етуі тиіс.
31. Іс-шараларын өткізу құралдары жедел-іздестіру іс-шаралардың нәтижелері жазбаларын апаттық жоюдан қорғайтын құралдар, сондай-ақ жазбаларды резервті сақтайтын құралдар болуы тиіс.
32. Коммутациялық жабдықтың іс-шараларын өткізу құралдары қағаз және электрондық тасымалдағыштарда (мемлекеттік және орыс тілдерінде) мынадай мәліметтерді қамтитын техникалық құжаттамамен бірге жүруі тиіс:
1) байланыс желісіндегі коммутациялық жабдықтардың тізбесі, техникалық сипаттама, қосу схемасы;
2) пайдалану ережелері;
3) техникалық қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулық;
Техникалық сипаттама мен қосу сызбасы мыналарды бейнелеуі тиіс:
1) қалалар мен елді мекендердің географиялық орналасқан жерлерін ескеріп, телекоммуникация желісінде коммутациялық жабдықтың орналасуын;
2) іс-шараларын өткізу функциялары мен техникалық құралдарының сипаттамасы;
3) іс-шараларын өткізу орталығының телекоммуникация желісінде орналасуы;
4) әкімшілік ету, өңдеу және бақылау жұмыс орындарының қосылуы туралы мәліметтер;
5оларға қатысты іс-шаралар өткізілуі қамтамасыз етілетін абоненттер топтарын;
6) рұқсатсыз енудің физикалық және аппараттық-бағдарламалық шектеу құралдарының сипаттамалары;
7) әртүрлі байланыс операторларының және (немесе) байланыс желілерінің иелерінің байланыс желілерінің коммутациялық жабдықтарын біріктірудің сипаттамасы.
33. Іс-шараларын өткізу құралдары өз техникалық қалпы мен жұмысқа қабілеттілігін бақылауды, істен шығу, тоқтап қалу, апаттар туралы ескертулер қол жеткізу интерфейсін қалыптастыруды қамтамасыз етуі тиіс.
34. Коммутациялық жабдық шығарылған басқару тетігін параллельді қосу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
35. Байланыс желісінде коммутациялау жекелеген торабының коммутациялық жабдығының іс-шараларын өткізу құралдары іс-шараларын өткізу орталығын құрып қатынас құру интерфейсі негізінде өзара аппараттық және бағдарламалық біріктіруді қамтамасыз етуі тиіс.
Іс-шараларын өткізу орталығы барлық байланыс желісі бойынша бір мезгілде іс-шараларын техникалық жүргізуді қамтамасыз етуі тиіс.
36. Байланыс желісінде осы техникалық регламенттің 2-тармағында көрсетілген әртүрлі байланыс түрлерін біріктірген жағдайда (мысалы, тіркелген телефон байланысы және деректер беру) байланыс түрлері бойынша бөлек іс-шараларын өткізу орталықтарын құруды қамтамасыз етуі тиіс (мысалы, телефон байланыс бойынша жеке, деректер беру бойынша жеке).
37. Әртүрлі байланыс операторларының және (немесе) байланыс желілерінің иелерінің байланыс желілері, Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының уәкілетті бөлімшесіне жазбаша хабарлама бойынша әртүрлі байланыс операторларының және (немесе) байланыс желілерінің иелерінің байланыс желілері осы техникалық регламенттің 35, 36-тармақтарының талаптарын сақтай отырып қол жеткізу интерфейстері негізінде іс-шаралар өткізу құралдарын біріктіру немесе біріктірілетін желілердің коммутациялық жабдықтарын бір байланыс желісінің іс-шаралар өткізу құралдарына қосу немесе біріктірілетін желілердің трафигін бір желінің іс-шаралар өткізу құралдарымен коммутациялық жабдық арқылы өткізу және барлық біріктірілетін байланыс желілері үшін іс-шаралар өткізу орталығын қалыптастыру арқылы іс-шараларды техникалық жүргізу функциялары бойынша біріктіру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Уәкілетті органның объектілерінде іс-шаралар өткізудің біріктірілетін құралдарын орналастыруға жол беріледі.
Барлық біріктірілген байланыс желілерінде бір мезгілді іс-шараларын техникалық өткізуді қамтамасыз етуі тиіс.
2-параграф. Қызметтік ақпаратты жинауды және сақтауды қамтамасыз ету талаптары
38. Коммутациялық жабдық, бағдарламалық қамтамасыз етуді қоса алғанда құрамында мынадай абоненттер туралы қызметтік ақпараттарды жинау және сақтау құралдары болуы тиіс:
1) тіркелген телефон байланыс желілерінің коммутациялық жабдығының құрамында жүргізілген телефондық сөйлесулер, жіберген, алған хабарламалар, берілген қабылданған хабарламалар туралы биллингтік мәліметтерді және көрсетілген қызметтер туралы мәліметтерді қоса алғанда, байланыс желісіндегі барлық абоненттер туралы қызметтік ақпараттарды жинауды, жазуды, сақтауды, қарауды, сыртқы ақпарат тасымалдағыштарға және сыртқы ақпараттық жүйелерге көшіріп жазуды (экспорт жасауды) қамтамасыз ететін абоненттер туралы қызметтік ақпараттарды жинау және сақтау құралдары болуы тиіс;
2) ұялы, спутниктік және басқа да жылжымалы телефон байланысы желілерінің коммутациялық жабдығының құрамында жүргізілген телефондық сөйлесулер және берілген қабылданған хабарламалар туралы биллингтік мәліметтерді, жіберген, алған хабарламалар, көрсетілген абоненттік қызметтер туралы, оның ішінде байланыс желісінің техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып болу елдеріндегі роуминдік абоненттердің орналасқан жері туралы мәліметтерді қоса алғанда, барлық абоненттері туралы қызметтік ақпараттарды жинауды, жазуды, сақтауды, қарауды, сыртқы ақпарат тасымалдағыштарға және сыртқы ақпараттық жүйелерге көшіріп жазуды (экспорт жасауды) қамтамасыз ететін қызметтік ақпараттарды жинау және сақтау құралдары болуы тиіс;
3) Интернетке қосылуды қамтамасыз ететін деректерді тарататын тіркелген байланыс желілері коммутациялық жабдығының құрамында жіберген, алған хабарламалар туралы биллингтік мәліметтерді, көрсетілген абоненттік қызметтер, деректерді беру желісіндегі абоненттердің адрестері, Интернет-ресурстарға жүгіну адрестері, Интернет-ресурстардың сәйкестендіргіштері, деректерді беру протоколдары туралы мәліметтерді қоса алғанда, байланыс желілерінің барлық абоненттері туралы қызметтік ақпараттарды жинақтауды, жазуды, сақтауды, қарауды, сыртқы ақпарат тасымалдағыштарға және сыртқы ақпараттық жүйелерге көшіріп жазуды (экспорт жасауды) қамтамасыз ететін қызметтік ақпараттарды жинау және сақтау құралдары болуы тиіс;
4) ұялы, спутниктік және басқа да жылжымалы байланыстың Интернетке қосылуды қамтамасыз ететін деректерді тарату желілерінің коммутациялық жабдығының құрамында жіберген, алған хабарламалар туралы биллингтік мәліметтерді, көрсетілген абоненттік қызметтер туралы мәліметтерді, оның ішінде байланыс желісінің техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып болу елдеріндегі роуминдік абоненттердің орналасқан орны туралы мәліметтерді қоса алғанда, барлық абоненттері туралы қызметтік ақпараттарды жинақтауды, жазуды, сақтауды, қарауды, сыртқы ақпарат тасымалдағыштарға және сыртқы ақпараттық жүйелерге көшіріп жазуды (экспорт жасауды) қамтамасыз ететін қызметтік ақпараттарды жинау және сақтау құралдары болуы тиіс.
Абоненттердің жүргізілген телефондық сөйлесулері, жіберген, алған хабарламалары бойынша биллингтік мәліметтердің құрамына олардың байланыс қызметтерін төлегені туралы мәліметтер кіруге тиіс.
39. Ведомстволық, корпоративтік, арнаулы электр байланысы желілерінің, сондай-ақ виртуалды байланыс желілерін құрайтын байланыс желілерінің коммутациялық жабдықтары құрамында осы техникалық регламенттің 38-тармағының талаптарына сәйкес қызметтік ақпаратты жинау және сақтау құралы болуға тиіс.
40. Қызметтік ақпараттарды жинау және сақтау құралдары компьютерлік жұмыс орындарының қосылуы үшін ену интерфейсін қамтамасыз етуі тиіс. Аталған жұмыс орындарында абоненттер туралы қызметтік ақпараттарды жинау және сақтау құралдарын басқару, қызметтік ақпаратты алу, жұмыс орындары пайдаланушыларының іс-қимылдарын бақылау мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс. Осы мақсатта ену интерфейсі әкімшілендіру, өңдеу және қадағалау интерфейстерін қалыптастыруы тиіс. Ену интерфейсіне қойылатын талаптар ұлттық стандартта белгіленеді, осы техникалық регламенттің 1-қосымшасы на сәйкес, қолдану нәтижесінде техникалық регламентінің талаптарын сақтауды қамтамасыз ететін өзара байланысты стандарттар тізбесінде келтірілген.
41. Қызметтік ақпараттарды жинау және сақтау құралдары жүйелік уақытын Астана қаласының уақытымен бір секунд дәлдігімен синхрондауды және барлық жазылатын мәліметтерге сәйкес уақыт белгілерін беруді қамтамасыз ету тиіс.
42. Байланыс желісінде өзгеретін сәйкестендіргіштерді (телефон номірлерін, ІP-мекенжайларын, МАС-мекенжайларын) пайдаланған кезде, мысалы абоненттерді тіркеген немесе NAT (Network Address Translatіon) қолданған кезде барлық абоненттердің иемденген барлық сәйкестендіргіштері олардың өзгеруінің барлық кезеңдерінде нақты сәйкестігін айқындауымен қызметтік ақпарат жиналуы қамтамасыз ету тиіс. Сонымен қоса деректерді жіберу желісінде абоненттерге динамикалық ІP-мекен-жайлары иемденген кезде Интернет желісінде сырттағы ІP-мекен-жайлары бойынша абоненттер хабарламаларының сәйкестендіруі қамтамасыз ету тиіс.
43. Жылжымалы ұялы байланыс желілерінде барлық абоненттік құрылғылардың орналасқан жерін анықтау, роумингтік абоненттерді қоса алғанда, сондай-ақ абоненттік құрылғылардың орналасуын көрсету және ұялы байланыс базалық станцияларының орналасуы туралы мәліметтерді алу осы техникалық регламенттің 24-тармағының талаптарына сәйкес қамтамасыз етілуге тиіс.
44. Қызметтік ақпараттарды жинау және сақтау құралдары желіге уақытша қосылған (роумингтік абоненттері) абоненттерді қоса алғанда, байланыс желісінің барлық абоненттеріне қатысты қызметтік ақпараттарды желінің барлық трафигі бойынша, жоғалтусыз толық көлімде жинауды үзіліссіз, тәулік бойы режимінде қамтамасыз етуі тиіс.
45. Қызметтік ақпараттарды жинау және сақтау құралдары абоненттер туралы өзекті мәліметтер қамтылатын және аталған мәліметтерді алуды қамтамасыз ететін байланыс желісінің ақпараттық жүйесіне қосылуы тиіс.
46. Қызметтік ақпараттарды жинау және сақтау құралдары CSV форматымен файлдар түрінде барлық ақпаратты сыртқы ақпарат тасымалдағыштар мен сыртқы ақпараттық жүйелерге жазып алуды (экспорт жасауды) қамтамасыз етуі тиіс. Жазбалар көлемін қайта жазудың (экспорт жасаудың) өнімділігі төрттен аспайтын сағат ішінде бір тәулік бұрын қамтамасыз етілуі тиіс.
47. Қызметтік ақпаратты жинау және сақтау құралдары байланыс желісінің барлық абоненттеріне қатысты абоненттер туралы қызметтік ақпаратты екі жыл мерзімге сақтауды қамтамасыз етуі тиіс.
Коммутациялық жабдықты ауыстырған, өшірген, пайдаланудан шығарған кезде осы коммутациялық жабдықтың өшіру сәтінен екі жыл бұрынғы қызметтік ақпаратты сақтау және алу қамтамасыз етілуі тиіс.
48. Қызметтік ақпараттарды жинау және сақтау құралдары өңдеу интерфейсі арқылы қызметтік ақпараттарды алуға сұрауларды қалыптастыруды қамтамасыз етуі тиіс. Бір мезгілде кемінде бес жүз сұрауды орындау мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс, аталған сұраулар санын орындау уақыты жиырма минуттан аспауы керек. Сұрауларды қалыптастыру бойынша талаптар өзара байланысты стандарттар тізімінде келтірілген ұлттық стандартпен белгіленеді, олардың қолданылуы нәтижесінде осы техникалық регламентке 1-қосымшаға сәйкес техникалық регламент талаптарына сәйкестік қамтамасыз етіледі.
49. Қол жеткізу интерфейсінде қарапайым және құрамдас сүзгілерді қолдана отырып, қызметтік ақпарат мәліметтерін іздеу қамтамасыз етілуі тиіс. Іздеу сұранысы ретінде қызметтік ақпарат құрамында қамтылған уақыт сәті, уақыт кезеңі, кез келген параметр немесе параметрлердің комбинациясы туралы анықтама қамтамасыз етілуі тиіс.
50. Қызметтік ақпараттарды жинау және сақтау құралдары қызметтік ақпараттарды жинау және сақтау функциясы осы техникалық регламенттің 29-тармағының талаптарына сәйкес электрондық журналдарға жазуды, сондай-ақ электрондық журналдарға қол жеткізуді қамтамасыз етуге тиіс.
51. Қызметтік ақпараттарды жинау және сақтау құралдары өз құрамында маңызды вирусқа қарсы бағдарламалық қамтамасыз етудің бар болуын қамтамасыз етуі тиіс.
52. Коммутациялық жабдықтың қызметтік ақпаратты жинау және сақтау құралдары қызметтік ақпаратты жинау және сақтау функциясы осы техникалық регламенттің 32-тармағының талаптарына сәйкес қағаз және электрондық тасымалдағыштарда (мемлекеттік және орыс тілдерінде) техникалық құжаттамамен бірге жүруге тиіс.
53. Қызметтік ақпараттарды жинау және сақтау құралдары өз техникалық жай-күйі мен жұмысқа қабілеттілігін бақылауды, істен шығу, жұмысын тоқтату, апаттар туралы хабарламалар құруды қамтамасыз етуі тиіс.
54. Байланыс желісінде коммутацияның жекелеген коммутациялық торабының қызметтік ақпараттарын жинау және сақтау құралдары қызметтік ақпараттарды жинау және сақтау орталығын құрып, ену интерфейсі негізінде өзара аппараттық және бағдарламалық біріктіруді қамтамасыз етуі тиіс.
Қызметтік ақпараттарды жинау және сақтау орталығы барлық байланыс желісі бойынша қызметтік ақпараттарды ұсынуды қамтамасыз етуі тиіс.
55. Байланыс желісінде осы техникалық регламенттің 2-тармағында көрсетілген әртүрлі байланыс түрлерін біріктірген жағдайда (мысалы, тіркелген телефон байланысы және деректер беру) байланыс түрлері бойынша бөлек қызметтік ақпараттарды жинау және сақтау орталықтарын құру қамтамасыз етілуі тиіс (мысалы, телефон байланыс бойынша жеке, деректер беру бойынша жеке).
56. Әртүрлі байланыс операторларының және (немесе) байланыс желілері иелерінің Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының уәкілетті бөлімшесіне жазбаша хабарлама бойынша әртүрлі байланыс операторларының және (немесе) байланыс желілері иелерінің байланыс желілері осы техникалық регламенттің 54, 55-тармақтарының талаптарын сақтай отырып, көрсетілген желінің қызметтік ақпаратты жинау және сақтау орталығына қол жеткізу және қол жеткізу интерфейстері негізінде қызметтік ақпаратты жинау және сақтау құралдарын біріктіру арқылы байланыс операторларына қызметтік ақпаратты жинау және сақтау функциялары бойынша бірігуді қамтамасыз етеді.
Қызметтік ақпаратты жинау мен сақтаудың біріктірілетін құралдарын уәкілетті органның объектісінде орналастыруға жол беріледі.
Барлық біріктірілген байланыс желілеріндегі қызметтік ақпараттарды бір мезгілде жинау, сақтау және ұсыну қамтамасыз етілуі тиіс.
3-параграф. Іс-шаралар өткізу құралдарын және қызметтік ақпаратты жинау және сақтау құралдарын рұқсатсыз енуден қорғау бойынша талаптар
57. Іс-шаралар өткізу құралдары және қызметтік ақпаратты жинау және сақтау құралдары іс-шараларын өткізу және қызметтік ақпаратты жинау және сақтау техникалық мүмкіндіктері, белгіленген абоненттердің телефон нөмірлерлері мен өзге де сәйкестендіргіштері туралы, қызметтік ақпаратты алу бойынша сұраулар туралы мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ету тиіс.
58. Іс-шараларын өткізу құралдарының және қызметтік ақпараттарды жинау және сақтау құралдарының құрамында мынадай құралдар болуы тиіс:
1) рұқсатсыз енуден, оның ішінде жабдыққа және байланыс желілеріне, арналарына қашықтықтан қол жеткізуден қорғау;
2) физикалық әсер ету туралы сигнализация (ашу, қосу, сынып қалу және тағы басқа туралы);
3) алыстағы рұқсатсыз енудің әрекеттерін ықпал ету көздерін анықтау үшін тіркеу, оның ішінде жабдықтың техникалық мүмкіндерін есепке ала отырып, ықпал ету уақытын, орнын және түрін тіркеу;
4) пайдаланылмаған интерфейстерді өшіру;
5) іс-шаралар өткізу туралы мәліметтерді байланыс желілері арналары арқылы беру, қызметтік ақпарат алу кезінде шифрлауды пайдалана отырып қорғау;
6) жабдыққа арналған құлыпталатын шкафтар түріндегі физикалық қорғау;
7) отыз тәулік мерзімге бейнежазбаларды сақтай отырып, жабдыққа бейнебақылау жүргізу.
59. Іс-шараларын өткізу құралдарына және қызметтік ақпараттарды жинау және сақтау құралдарына рұқсатсыз енудің немесе оларды рұқсатсыз пайдаланудың әрекеттері рұқсатсыз әрекеттердің басталуы мен аяқталуы уақытын көрсетуімен электронды журналдарда тіркелуі тиіс.
5-тарау. Коммутациялық жабдықтың сәйкестігін растау
60. Коммутациялық жабдықтың, оның ішінде бағдарламалық қамтамасыз етудің сәйкестігін растау техникалық реттеу саласындағы қолданыстағы нормативтік құжаттардың және осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
61. Коммутациялық жабдық осы техникалық регламенттің 5-тарауы ның нормалары ескеріле отырып, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 29 маусымдағы № 433-НҚ бұйрығымен бекітілген «Сәйкестікті бағалау қағидаларына» сәйкес 8-схема бойынша міндетті сертификациялау түрінде осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін растауға жатады.
62. Коммутациялау және байланыс желісінде сигналдарды жіберу жеке торабын білдіретін (оның ішінде таратылған коммутациялайтын жабдықтарынан тұратын), құрамында іс-шараларын өткізу құралдары және қызметтік ақпараттарды жинау және сақтау құралдары бар коммутациялық жабдық сәйкестікті растауға жатады.
63. Байланыс желісінде іс-шаралар өткізу құралдарын немесе коммутациялық жабдықтың қызметтік ақпаратын жинау және сақтау құралдарын біріктіре отырып, іс-шаралар өткізу орталығын немесе қызметтік ақпаратты жинау және сақтау орталығын қалыптастыру кезінде байланыс желісіндегі әрбір жеке коммутациялық тораптың коммутациялық жабдықтары іс-шараларды өткізудің жекелеген құралдарымен және қызметтік ақпаратты жинау және сақтау құралдарымен сәйкестігін растауға жатады.
64. Коммутациялық жабдықтың іс-шараларын техникалық жүргізу функциялары бойынша немесе қызметтік ақпараттарды жинау және сақтау функциялары бойынша сәйкестігін жеке растауға рұқсат етіледі.
65. Сертификаттауды талап етуші байланыс операторы, байланыс желісінің иесі, жабдықты өндіруші немесе жеткізуші болуы мүмкін.
66. Осы техникалық регламенттің 2-қосымшасы на сәйкес өнімнің сәйкестігін бағалауды (растауды) жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидалары мен әдістерін қоса алғанда, зерттеулер (сынаулар) мен өлшемдердің, оның ішінде техникалық регламент талаптарын қолдану және орындау және өнімнің сәйкестігін бағалауды (растауды) жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қоса алғанда, зерттеулер (сынаулар) мен өлшемдердің қағидалары мен әдістерін қамтитын стандарттар тізбесіне келтірілген ұлттық стандартпен белгіленеді.
67. Байланыс желісінде іс-шаралар өткізу орталығы және қызметтік ақпаратты жинау және сақтау орталығы болған кезде коммутациялық жабдықты бір коммутациялық торап үшін толық көлемде сынақтан өткізуге және қалған коммутациялық тораптардың коммутациялық жабдықтары үшін қысқартылған көлемде сынақтан өткізуге жол беріледі.
Байланыс желісінде сәйкестігін растауды бұрын өткен, іс-шараларды өткізу орталығына және қызметтік ақпаратты жинау және сақтау орталығына қосылымы бар коммутациялық жабдық болған кезде сәйкестігін растауға жататын коммутациялық жабдық үшін сынақтарды қысқартылған көлемде жүргізуге жол беріледі.
68. Байланыс желісінде әртүрлі коммутациялық тораптардың коммутациялық жабдықтарының бірігуі болған кезде, оның ішінде техникалық мүмкіндіктер шектелген немесе болмаған жағдайда немесе әртүрлі байланыс желілерінің коммутациялық жабдықтарының бірігуі болған кезде, сынақтар жүргізу осы техникалық регламенттің 8 және 67 тармақтарының шарттарын ескере отырып, әрбір коммутациялық тораптың коммутациялық жабдықтары үшін біріктіру схемаларында жүзеге асырылады.
69. Осы техникалық регламенттің 2-қосымшасы на сәйкес сынақтарды өткізу үшін сәйкестікті растау жөніндегі орган сынақтар бағдарламасын құрастырады және бағдарламаны іс-шараларын өткізу жөніндегі уәкілетті органмен келіседі. Сынақтар бағдарламасында сынақтар объектісі мен көлемінің сипаттамасы болу тиіс. Сертификациялық сынақтар, сынақтар бағдарламасының негізінде жүргізіледі. Сынақтардың үлгілік бағдарламасы ұлттық стандартпен айқындалады, зерттеу (сынақ) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, оның ішінде техникалық регламентінің талаптарын қолдану және орындау және өнімнің сәйкестігін (растауын) бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын стандарттар тізбесінде келтірілген.
70. Cынақтар кезінде іс-шараларын техникалық жүргізу немесе қызметтік ақпараттарды жинау және сақтау коммутациялық жабдығының функцияларын тексеру үшін аппараттық, бағдарламалық және конструктивтік орындалуы бар тесттік жабдықтары қолданылуы мүмкін.
71. Сертификациядан өткен коммутациялық жабдық сәйкестік белгісімен таңбаланады.
6-тарау. Техникалық регламенттің қолданыс мерзімдері мен шарттары
72. Осы техникалық регламент алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
73. Осы техникалық регламент қолданысқа енгізілген уақыттан бастап осы техникалық регламенттің қолдану саласына кіретін коммутациялық жабдық көрсетілген қолдану саласындағы бұрын берілген сертификаттар ескеріле отырып, бекітілген талаптарға сәйкес болуы тиіс.
74. Коммутациялық жабдықтың іс-шараларын өткізуін және қызметтік ақпараттарды жинау және сақтауын қамтамасыз ету бойынша талаптарға осы техникалық регламент қолданысқа енгізілгенге дейін қабылданған сәйкестік растау сертификаттары олардағы белгіленген мерзімнің аяқталуына дейін қолданыста деп есептеледі.
75. Осы техникалық регламент қолданысқа енгізілген уақыттан бастап Қазақстан Республикасының аумағындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер, стандартизация бойынша нормативтік құжаттар және осы саладағы нормативтік-техникалық құжаттар, осы техникалық регламентке сәйкестендірілгенше техникалық регламенттің талаптарына қайшы келмейтін бөліктері ғана орындалуы тиіс.
"Жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын техникалық жүргізуді, абоненттер және (немесе) байланыс қызметтерін пайдаланушылар туралы қызметтік ақпаратты жинауды және сақтауды қамтамасыз ету бойынша телекоммуникациялық жабдықтарға қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентіне
Қолдану нәтижесінде "Жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын техникалық жүргізуді, абоненттер және (немесе) байланыс қызметтерін пайдаланушылар туралы қызметтік ақпаратты жинауды және сақтауды қамтамасыз ету бойынша телекоммуникациялық жабдықтарға қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентінің талаптарын сақтауды қамтамасыз ететін өзара байланысты стандарттар тізбесі
|
Р/с
№
|
Техникалық регламенттің элементтері
|
Өзара байланысты стандарттың белгіленуі
|
Өзара байланысты стандарттың атауы
|
Ескертпе
|
|
1
|
ҚР СТ 2267
|
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуді қамтамасыз етуге арналған телекоммуникациялық жабдықтың құралдары. Ену интерфейсі. Техникалық талаптар
|
-
|
"Жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын техникалық жүргізуді, абоненттер және (немесе) байланыс қызметтерін пайдаланушылар туралы қызметтік ақпаратты жинауды және сақтауды қамтамасыз ету бойынша телекоммуникациялық жабдықтарға қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентіне
Зерттеу (сынақ) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, оның ішінде "Жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын техникалық жүргізуді, абоненттер және (немесе) байланыс қызметтерін пайдаланушылар туралы қызметтік ақпараттарды жинау және сақтауды қамтамасыз ету бойынша телекоммуникациялық жабдықтарға қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентінің талаптарын қолдану және орындау және өнімнің сәйкестігін (растауын) бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын стандарттар тізбесі
|
Р/с
№
|
Техникалық регламенттің элементтері
|
Стандарттың белгіленуі
|
Стандарттың атауы
|
Ескертпе
|
|
1
|
ҚР СТ 1598
|
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуді қамтамасыз етуге арналған байланыс желілерінің коммутациялық жабдық құралдары. Сынау әдісі
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының
«Жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын техникалық жүргізуді, абоненттер және (немесе) байланыс қызметтерін пайдаланушылар туралы қызметтік ақпараттарды жинауды және сақтауды қамтамасыз ету бойынша телекоммуникациялық жабдықтарға қойылатын жалпы талаптар» Техникалық регламент жобасына
Тұжырымдама
1) Техникалық регламенттің атауы
«Жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын техникалық жүргізуді, абоненттер және (немесе) байланыс қызметтерін пайдаланушылар туралы қызметтік ақпараттарды жинауды және сақтауды қамтамасыз ету бойынша телекоммуникациялық жабдықтарға қойылатын жалпы талаптар».
2) Техникалық регламент әзірлеудің мақсаты
Техникалық регламент Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2021 жылғы 27 шілдедегі № 85/қе бұйрығымен бекітілген "Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуді, абоненттер туралы қызметтік ақпараттарды жинауды және сақтауды қамтамасыз ету бойынша телекоммуникациялық жабдықтарға қойылатын жалпы талаптар" қолданыстағы техникалық регламентке өзгерістер мен толықтырулар енгізу мақсатында әзірленеді.
Техникалық регламентке өзгерістер мен толықтырулар «Байланыс туралы» ҚР Заңына қабылданған өзгерістерге, сондай-ақ құқықтық мониторинг жүргізу және техникалық регламентті практикалық қолдану нәтижесінде анықталған құқық нормаларының олқылықтары мен кемшіліктеріне байланысты енгізіледі.
Атап айтқанда, «Байланыс туралы» ҚР Заңында «абоненттер туралы қызметтік ақпарат» ұғымы «және (немесе) байланыс қызметтерін пайдаланушылар» деген сөздерімен толықтырылған, ҚР Президентінің 2022 жылғы 17 қыркүйектегі Жарлығымен Нұр-Сұлтан қаласы Астана қаласы деп өзгертілді және «Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңының 25-бабының 5-тармағына сәйкес заңнамалық актілерге сілтеме жасау кезінде олардың қабылданған күнін көрсету талап етілмейді. Өнімге қойылатын талаптарға ешқандай негізгі өзгеріс енгізілмейді.
Сонымен бірге өзгерістер мен толықтырулар енгізу қолданыстағы техникалық регламент мәтінінің жартысынан асатын көлемде жүзеге асырылады. Осыған байланысты Құқықтық актілер туралы Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленген жоба техникалық регламенттің жаңа редакциясы болып табылады.
3) Техникалық регламентті қабылдаудың негізі немесе ғылыми негіздемесі
Техникалық регламентке өзгерістер мен толықтырулар енгізудің негізі Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістер, сондай-ақ техникалық регламентті қолдану тәжірибесіне қатысты телекоммуникациялар саласы субъектілерінің ескертулері болып табылады.
Өткен уақыт кезеңінде «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан, «Қазақстанның ұлттық телекоммуникация қауымдастығынан» ЗТБ, телекоммуникациялар желілерінде қызметін жүзеге асыратын субъектілерден, сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген органдардан ескертулер мен ұсыныстар келіп түсті.
4) Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының кодтары ішіндегі тауарлық позицияны көрсете отырып, техникалық регламенттің қолданылу саласы және объектілері
Техникалық регламент жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізудің, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес абоненттер және (немесе) байланыс қызметтерін пайдаланушылар туралы қызметтік ақпараттарды жинау және сақтауды техникалық мүмкіндіктерін іске асыру бойынша телекоммуникациялық жабдыққа қойылатын негізгі талаптарды айқындайды.
Осы техникалық регламенттің талаптары Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес 85 топтың 8517 тауарлық позициясымен жүктелетін, дауыс, бейне және басқа да деректерді беру немесе қабылдауға арналған аппаратура субпозициясындағы, оның ішінде сыммен немесе сымсыз байланыс желісіндегі коммуникация үшін аппаратураны қосқанда таратылады.
5) Реттеудің адресаттары, оның ішінде кәсіпкерлік қызмет субъектілері және оларға техникалық регламентте көзделген реттеудің тигізетін әсері
Телекоммуникация желілерінде қызметін жүзеге асыратын шаруашылық субъектілері байланыс операторлары мен байланыс желілерінің иелері, сондай-ақ телекоммуникациялық жабдық өндірушілер реттеудің адресаттары болып табылады.
Техникалық регламент талаптарына сәйкес көрсетілген шаруашылық субъектілері пайдалануға енгізілетін телекоммуникациялық жабдықты сертификаттауды жүзеге асырады.
6) Проблемалар туралы ақпарат, олардың теріс әсерлерін барынша азайту үшін реттеуді орнату қажет
Қазіргі жағдайда телекоммуникация саласы жоғары ақпарат беру технологиялары мен жоғары деңгейдегі сервистік қызметтерді пайдаланатын ғылым мен техниканың ең қарқынды дамып келе жатқан саласы болып табылады.
Сонымен қатар, ең заманауи технологиялар мен жасырын байланыс мүмкіндіктерін жергілікті және халықаралық қылмыстық және лаңкестік ұйымдар өз мақсаттары үшін белсенді түрде пайдаланады.
Қазіргі жағдайда ұйымдасқан қылмыс пен терроризммен күресудегі мемлекеттің міндеті қазіргі телекоммуникация мүмкіндіктерін пайдаланбай шешілмейді.
Қылмыстық ұйымдар телекоммуникациялардың технологиялық және сервистік қызметтерін пайдалану бөлігінде олардың теріс әсерін барынша азайту мақсатында осы саладағы техникалық реттеу тетігі бағытталған.
Байланыс саласындағы шаруашылық объектілерінің мемлекет пен қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізуді, абоненттер және (немесе) байланыс қызметтерін пайдаланушылар туралы қызметтік ақпараттарды жинау және сақтауды қамтамасыз ету бойынша телекоммуникациялық жабдыққа қойылатын жалпы талаптарды белгілейтін осы техникалық регламентті қабылдау қажет.
7) Техникалық регламентті қабылдау, проблеманы шешу тетігіне бағытталған
Заманауи телекоммуникациялардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, ұйымдасқан қылмыс пен терроризммен күрес мәселесін шешу үшін өнімге - телекоммуникациялық жабдыққа қатысты техникалық реттеу тетігі қолданылады.
Қабылданған техникалық регламентке сәйкес пайдалануға енгізілетін телекоммуникациялық жабдық жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларының техникалық жүргізілуін қамтамасыз ету, сондай-ақ абоненттер туралы қызметтік ақпараттарды жинау және сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі талаптарға сәйкес міндетті сертификаттауға жатады.
8) Қауіпті факторлар (қауіптер)
Жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізу, абоненттер және (немесе) байланыс қызметтерін пайдаланушылар туралы қызметтік ақпараттарды жинау және сақтау үшін телекоммуникациялық жабдықтың техникалық мүмкіндіктерінің шектелуі немесе болмауы қылмыстық ұйымдардың қылмыстық әрекеттерінде барлық заманауи байланыс сервистік қызметтерін бақылаусыз пайдалануға әкеп соғады.
Телекоммуникациялық жабдықтың техникалық мүмкіндіктеріне рұқсатсыз қол жеткізу жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізу абоненттер және (немесе) байланыс қызметтерін пайдаланушылар туралы қызметтік ақпараттарды жинау және сақтау заңмен қорғалатын ақпаратты заңсыз алуға әкеп соғады.
Жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізу, абоненттер және (немесе) байланыс қызметтерін пайдаланушылар туралы қызметтік ақпараттарды жинау және сақтау үшін телекоммуникациялық жабдықтың техникалық мүмкіндіктерін пайдалану қылмыстық және заңға қайшы мақсаттарда қолдану қылмыс саны мен басқа да заңнаманы бұзушылықты арттырады.
9) Қазақстан Республикасының және Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік құқықтық базасының (заңдар, қаулылар, санитариялық, құрылыс, өртке қарсы және техникалық регламент объектісіне қойылатын талаптарды белгілейтін басқа да нормалар мен ережелер) бар-жоғы және жай-күйі туралы ақпарат
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі № 567 Заңы.
«Жедел-iздестiру қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 15 қыркүйектегі № 154-XIII Заңы.
«Қарсы барлау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 35-VІ ҚРЗ Заңы.
«Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын байланыс операторларының және (немесе) байланыс желілерін иеленушілердің жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын техникалық тұрғыдан жүргізу үшін өзінің телекоммуникациялық жабдығының функцияларын өз қаражаты немесе тартылған қаражат есебінен қамтамасыз ету қағидаларын және Байланыс желілері мен құралдарына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2024 жылғы 19 қыркүйектегі № 128/қе бұйрығы.
«Байланыс операторларының абоненттері және (немесе) байланыс қызметтерінің пайдаланушылары туралы қызметтік ақпаратты жинауды және сақтауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 220/НҚ бұйрығы.
"Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуді, абоненттер туралы қызметтік ақпараттарды жинауды және сақтауды қамтамасыз ету бойынша телекоммуникациялық жабдықтарға қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2021 жылғы 27 шiлдедегі № 85/қе бұйрығы.
Ұлттық стандарт ҚР СТ 2267 «Жедел іздестіру іс-шараларын өткізуді қамтамасыз етуге арналған телекоммуникациялық жабдықтың құралдары. Ену интерфейсі. Техникалық талаптар»
Ұлттық стандарт ҚР СТ 1598 «Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуді қамтамасыз етуге арналған байланыс желілерінің коммутациялық жабдық құралдары. Сынау әдісі»
10) Халықаралық деңгейдегі нормативтік құжаттардың (халықаралық шарттар, директивалар, басқа елдердің техникалық регламенттері) бар екендігі туралы ақпарат
Телекоммуникациялар саласындағы Еуропалық стандарттар институтының техникалық спецификациясы ETSI TS 101 331 V1.8.1 (2021-07) «Lawful Interception (LI); Requirements of Law Enforcement Agencies» («Заңды түрде қармау; Уәкілетті органдардың талаптары»).
Телекоммуникациялар саласындағы Еуропалық стандарттар институтының стандарты ETSI ES 201 158 V1.2.1 (2002-04) «Telecommunications security; Lawful Interception (LI); Requirements for network functions» («Телекоммуникациялардың қауіпсіздігі; Заңды түрде қармау; Желілік функцияларға қойылатын талаптар»).
Телекоммуникациялар саласындағы Еуропалық стандарттар институтының стандарты ETSI ES 201 671 V3.2.1 (2018-05) «Lawful Interception (LI); Handover interface for the lawful interception of telecommunications traffic» («Заңды түрде қармау; Телекоммуникациялық трафикті заңды түрде қармау үшін беру интерфейсі»).
Телекоммуникациялар саласындағы Еуропалық стандарттар институтының стандарты ETSI EN 301 040 V2.0.5 (2005-02) «Terrestrial Trunked Radio (TETRA); Security; Lawful Interception (LI) interface» («Жерүсті транкингтік радиобайланыс (TETRA); Қауіпсіздік; Заңды түрде қармау интерфейсі»).
11) Өндірістік, сынақ базасының және жалпы саланың жай-күйі туралы ақпарат
Сәйкестікті растау жөніндегі органдар, аккредиттеу салалары техникалық регламент талаптарының орындалуын тексеру жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беретін сынақ зертханалары:
СРО «НурАс-Про» ЖШС (Алматы қ.);
СРО «Отан-Секьюрити» ЖШС (Алматы қ.);
СРО «SertSoft» ЖШС (Алматы қ.).
12) Техникалық регламентті енгізу үшін қабылдануы қажет шаралар туралы ақпарат
Телекоммуникациялар саласында қызметті жүзеге асыратын шаруашылық субъектілеріне техникалық регламент талаптарын жеткізу.
13) Техникалық регламентті енгізуден күтілетін нәтижелер, оның ішінде техникалық регламентті енгізудің өндірушілерге, тұтынушыларға және тұтастай алғанда ел экономикасына оң және теріс әсері туралы ақпарат, ықтимал техникалық кедергілерді болжау
Қылмыстық және лаңкестік ұйымдар телекоммуникациялардың технологиялық және сервистік қызметтерін пайдаланған кезде байланыс саласындағы шаруашылық объектілерінің қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету.
Техникалық регламент қабылданған кезде, ықтимал техникалық кедергілер мен өндірушілерге, тұтынушыларға және тұтастай алғанда ел экономикасына жағымсыз әсер болжанып отырған жоқ.
14) Әзірленіп жатқан (өзгертілетін/жойылатын) техникалық регламенттің қолданылуына жататын Қазақстан Республикасындағы өндірістің көлемі және өнімнің импорт көлемі туралы ақпарат
Қазақстанда осы техникалық регламенттің қолданылуына жататын мынадай өнімдер өндіріледі:
- жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізуді, абоненттер және (немесе) байланыс қызметтерін пайдаланушылар туралы қызметтік ақпараттарды жинау және сақтауды қамтамасыз ету үшін коммутациялық жабдықтың қолжетімділік интерфейсінің жабдықтары.
Телекоммуникация желілерінде қолданылатын телекоммуникациялық жабдықтың негізгі бөлігі импортталады.
15) Техникалық регламентке сәйкестендіру қажет нормативтік құқықтық актілер туралы ақпарат
"Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуді, абоненттер туралы қызметтік ақпараттарды жинауды және сақтауды қамтамасыз ету бойынша телекоммуникациялық жабдықтарға қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2021 жылғы 27 шiлдедегі № 85/қе бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу.
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.