Маңғыстау облысы бойынша «Үздік ауыл әкімінің аппараты» рейтингі жеңімпаздары ауыл әкімдері аппараттары қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақыларын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Маңғыстау облысы бойынша «Үздік ауыл әкімінің аппараты» рейтингі нәтижелері негізінде ауыл әкімдері аппараттары қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақылары белгіленсін:
1)бірінші орын үшін – әр қызметкерге 6 (алты) лауазымдық жалақы;
2)екінші орын үшін – әр қызметкерге 4 (төрт) лауазымдық жалақы;
3)үшінші орын үшін – әр қызметкерге 2 (екі) лауазымдық жалақы.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау облыстық мәслихаттың төрағасы
Ж.Матаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.