Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 19 желтоқсан 2025 ж.
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы «Зайсан ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» №VIII-21-20 шешімінің күшін жою туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы «Зайсан ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» №VIII-21-20 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8985-16 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Е. Загипаров
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.