Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 15 желтоқсан 2025 ж.

    Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың қоса беріліп отырған тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде орналастырылуын;

    3) осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне орындалуы туралы ақпараттарды ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 4-тармағының қырық үшінші және қырық төртінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушы

    Б. Рапиков

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Қаржылық мониторинг агенттігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Жасанды интеллект және

    цифрлық даму министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Ұлттық Банкі

    Қазақстан Республикасы

    Туризм және спорт министрінің

    міндетін атқарушы

    2025 жылғы 15 желтоқсандағы

    № 246 бұйрығымен

    бекітілген

    Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

    1. «Ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілікті ұсыну нысанын, Ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинауды және талдауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 шілдедегі № 249 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11948 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    осы тізбенің қосымшасына сәйкес көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинауды және талдауды жүзеге асыру қағидаларында:

    5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «5. Есептілік мынадай ақпаратты қамтиды:

    1) ойын бизнесін ұйымдастырушының бизнес сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтер;

    2) ойын бизнесін ұйымдастырушының атауы;

    3) қызмет түрі;

    4) заңды мекен-жайы;

    5) есепті кезеңнің басындағы ойын бизнесін ұйымдастырушы қызметкерлерінің саны туралы мәліметтер;

    6) есепті кезеңнің соңында ойын бизнесін ұйымдастырушы қызметкерлерінің саны туралы мәліметтер;

    7) есепті кезеңнің басындағы құмар ойындарға қатысушылардың және (немесе) бәс тігулердің (резиденттер) саны туралы мәліметтер;

    8) есепті кезеңнің басындағы құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге (резиденттер емес) қатысушылардың саны туралы мәліметтер;

    9) кезең соңындағы құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге (резиденттер) қатысушылардың саны туралы мәліметтер;

    10) кезең соңындағы құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысушылардың (резиденттер емес) саны туралы мәліметтер;

    11) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңның негіздері бойынша қатысушылармен іскерлік қатынастар орнатудан бас тарту саны туралы мәліметтер;

    12) есепті кезеңде құмар ойындардың сол қатысушыларының ойын мекемелеріне бару саны туралы мәліметтер (10-нан аз бару, 10-нан астам бару, 50-ден астам бару);

    13) есепті кезеңде ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысуға лицензияны пайдаланғаны үшін төленген төлемақы сомасы туралы мәліметтер;

    14) «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын міндетті резервтер түріндегі әрбір лицензияға қамтамасыз ету сомасы туралы мәліметтер;

    15) құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысушыларға төленген ұтыстардың сомалары туралы мәліметтер;

    16) есепті кезеңде жасалған мөлшерлемелердің жалпы сомасы туралы мәліметтер;

    17) ойын жабдығының атауы және түрі;

    18) ойын жабдығының саны;

    19) ойын жабдығының сериялық және (немесе) түгендеу нөмірі туралы мәліметтер;

    20) ойын жабдығын өндіруші туралы мәліметтер;

    21) ойын жабдығының, ойын автоматтарының техникалық жай-күйі туралы мәліметтер;

    22) технологиялық тұрғыдан ойын автоматына салынған ұтыстың белгіленген пайызы туралы мәліметтер;

    23) бейне жазу жүйелерінің техникалық жай-күйі туралы, оның ішінде бейне жазу жүйесінің атауы, жабдықтың саны, тестілеу күні туралы мәліметтер;

    24) касса (лар) туралы, оның ішінде кассаның түрі, саны және орналасқан жері туралы мәліметтер (мекен-жайы);

    25) мемлекеттік кірістер органдарында салық салу объектілерін/касса (ларды) тіркеу есебіне қою туралы мәліметтер;

    26) үстелдер санының өзгеруі, жабдықты ауыстыру, оның ішінде ауыстырылған жабдықтың сериялық немесе түгендеу нөмірі туралы мәліметтер;

    27) үстелдер санының өзгеруі, жабдықты ауыстыру туралы, оның ішінде лицензия алған кезде көрсетілген ойын үстелдерінің саны туралы мәліметтер;

    28) үстелдер санының өзгеруі, жабдықты ауыстыру туралы мәліметтер, оның ішінде ойын үстелдерінің санын ұлғайту және қысқарту туралы ақпарат;

    29) ойын бизнесін ұйымдастырушының құрылтайшылар құрамындағы бенефициарлық меншік иелері, басшылары және ойын бизнесін ұйымдастырушының бірінші басшылары туралы мәліметтер.».

    2. «Лотереяларды өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 8 ақпандағы № 45 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31880 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Лотереяларды өткізу қағидаларында:

    50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «50. Лотерея операторы лотереялық ақпаратты өңдеу орталығы арқылы ақпаратты қабылдау, есепке алу, сақтау және беру кезінде Қазақстан Республикасының дербес деректерді қорғау және таратпау, коммерциялық, салықтық және Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны жария етпеу жөніндегі заңнамасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауды қамтамасыз етеді.».

    3. «Ойын мекемесі, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор жұмысының, мөлшерлемелер қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 9 қазандағы № 175 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35240 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ойын мекемесі, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор жұмысының, мөлшерлемелер қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің үлгілік қағидаларына:

    6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «6. Казино, ойын автоматтары залының қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылар «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заң) 5-бабына сәйкес құмар ойынға қатысушыларын тиісінше тексеру жөнінде шаралар қабылдайды.»;

    26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «26. Букмекерлік кеңсе немесе тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылар КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңның 5-бабына сәйкес бәс тігуге қатысушыларды тиісінше тексеру жөнінде шаралар қабылдайды.».

    4. «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуі және бірыңғай есепке алу жүйесінде қамтылған ақпаратты өзге де тұлғаларға беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 2 сәуірдегі № 46 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35924 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуі және бірыңғай есепке алу жүйесінде қамтылған ақпаратты өзге де тұлғаларға беру қағидаларында:

    2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

    1) аппараттық-бағдарламалық кешен (бұдан әрі – АБК) – ақпараттық процестерді қамтамасыз ететін бағдарламалық және техникалық құралдардың жиынтығы;

    2) бәс тігу – қатысушылардың өз арасында не ойын бизнесін ұйымдастырушымен ұтыс көзделіп, олар қатыспайтын оқиғаның нәтижесiне жасалған, тәуекелге негiзделген келiсiм;

    3) БЕЖ – телекоммуникация желілері арқылы букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың АБК-ға қосылған және қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз төлемдерді, оның ішінде электрондық ақшаны пайдалана отырып қабылдауды (жүзеге асыруды), ұтыстарды төлеуді қамтамасыз ететін, сондай-ақ бәс тігуге әрбір қатысушы, бәс тігуге әрбір қатысушы бойынша бәс тігуге қабылданған мөлшерлемелер (оның ішінде электрондық), бәс тігу нәтижесінің нұсқаларына коэффициенттер, олар бойынша ұтыстар мен төлемдер туралы ақпаратты дербестендірілген жинауды, өңдеу мен сақтауды және Заңда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын бағдарламалық қамтылым мен техникалық құралдар жиынтығы;

    4) букмекерлік кеңсе – қатысушылармен бәс тігу жасасатын ойын бизнесін ұйымдастырушы;

    5) дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисі – дербес деректер субъектісінің дербес деректерді жинауға, өңдеуге немесе оларды үшінші тұлғаларға беруге келісімін қоса алғанда, мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттандыру объектілерінде қамтылған дербес деректерге қол жеткізу кезінде меншік иелерінің және (немесе) операторлардың, үшінші тұлғалардың дербес деректер субъектісімен және дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органмен ақпараттық өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін қызмет;

    6) қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті орган – «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заң) сәйкес қаржы мониторингiн жүзеге асыратын және қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмдi қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы iс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қабылдайтын мемлекеттiк орган;

    7) құмар ойынға және (немесе) бәс тігуге қатысушы – құмар ойынға және (немесе) бәс тігуге қатысатын жеке тұлға;

    8) мөлшерлеме – құмар ойынға және (немесе) бәс тігуге қатысушы ойын бизнесін ұйымдастырушыға беретін және ойын бизнесін ұйымдастырушы белгілеген ережелерге сәйкес құмар ойынға және (немесе) бәс тігуге қатысудың негізгі шарты болып табылатын ақша сомасы;

    9) ойын бизнесi саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – ойын бизнесi саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды және бақылауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын мемлекеттiк орган;

    10) сәйкестендіру деректерімен алмасу орталығы (бұдан әрі – СДАО) – клиенттердің сәйкестендіру рәсімдерін жүргізу үшін қолжетімді дереккөздерден клиенттің деректерімен алмасу бойынша банктермен өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін банкаралық ақша аудару жүйесінің операциялық орталығы;

    11) тотализатор – бәс тігу жасалған кезде оған қатысушылар арасында делдалдық қызметтер көрсететін ойын бизнесін ұйымдастырушы;

    12) ұтыс – құмар ойынның және (немесе) бәс тігудің ойын бизнесін ұйымдастырушы белгілеген қағидаларда көзделген нәтижесі шыққан кезде құмар ойынға және (немесе) бәс тігуге қатысушыға міндетті түрде төленуге жататын мүліктік пайда;

    13) электрондық ақшаның электрондық әмияны (бұдан әрі – электрондық әмиян) – электрондық ақшаға билік етуді қамтамасыз ететін, оны есепке алу және сақтау тәсілі.»;

    10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «10. Оператор БЕЖ арқылы бәс тігуге қатысушылардан электрондық ақшаны пайдалана отырып төлемдерді қабылдау (жүзеге асыру) кезінде бәс тігуге қатысушының жеке басын сәйкестендіруді Қазақстан Республикасының КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы, «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» заңдарына сәйкес жүзеге асырады.

    Бәс тігуге қатысушымен іскерлік қатынастар орнату кезінде БЕЖ оның жасын, құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға шектелген адамдардың тізімінде, Борышкерлердің бірыңғай тізілімінде мүліктік өндіріп алулар туралы атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелердің болуы тұрғысынан, сондай-ақ террористік қызметке қатысы бар адамдардың тізімінде болуы, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңының 12 және 12-1-баптарында көзделген жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты адамдардың тізбесіндегі терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты адамдардың тізбесінде тексеру жүзеге асырылады.

    Оператор БЕЖ арқылы осы тармақтың екінші абзацында көрсетілген тізімдерге, тізілімге және тізбелерге енген тұлғалардан электрондық ақшаны пайдалана отырып төлемдерді қабылдаудан (жүзеге асырудан) бас тартады.

    Оператор құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға тыйым салынған тұлғалар туралы ақпаратты қамтитын ақпараттық жүйелердің дерекқорларымен интеграциялауды қамтамасыз етеді.

    Оператор бәс тігуге қатысушының жеке басын сәйкестендіру рәсімін оның жеке қатысуымен және оларға жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде, не қашықтан сәйкестендіру әдісімен СДАО-дан алынған негізіндегі мәліметтерді пайдалану арқылы немесе жеңілдетілген сәйкестендіру жолымен жүзеге асырады.

    Мемлекеттік ақпараттық жүйелердің дерекқорларда қамтылған дербес деректерді жинауға, өңдеуге немесе оларды үшінші тұлғаларға беруге бәс тігуге қатысушылардың келісімін алу үшін оператор БЕЖ-ды Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 8 шiлдедегi № 236/НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28786 болып тіркелді) Дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисімен интеграциялау қағидаларына сәйкес дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисімен интеграциялануын қамтамасыз етеді.

    Бәс тігуге қатысушының жеке басын сәйкестендіруді немесе жеңілдетілген сәйкестендіруді оператор және (немесе) оператордың тапсырмасы бойынша өзге де қаржы мониторингі субъектісі шарт негізінде жүзеге асырады.

    Сәйкестендіруден немесе жеңілдетілген сәйкестендіруден өту жөніндегі нұсқаулықтар бәс тігуге қатысушыға осы рәсімнен өтпей тұрып ұсынылады.

    Бәс тігуге қатысушы сәйкестендіруден немесе жеңілдетілген сәйкестендіруден өткен кезде операторға қажетті сәйкестендіру деректерін, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың талаптарына сәйкес фотосуреттерді ұсынады.

    Бәс тігуге қатысушының жеке басын қашықтықтан сәйкестендіру СДАО-дан алынған деректер қол жетімді көздердің негізінде жүзеге асырылады.

    Бәс тігуге қатысушыны жеңілдетілген сәйкестендіру бейнеконференция сеанс өткізу арқылы немесе сәйкестендіру процесінде сұхбаттасқанның қозғалысты анықтау технологиясын жүзеге асыратын мамандандырылған қосымшаның көмегімен бәс тігуге қатысушының бейнесін түсіру арқылы жүзеге асырылады.

    Жеңілдетілген сәйкестендіру кезінде:

    бәс тігуге қатысушының бет-бейнесін және оның жеке басын куәландыратын құжатты тіркеу;

    ашық көздерден бәс тігуге қатысушының жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) растау жүзеге асырылады.

    Егер бәс тігуге қатысушының жеке басы анықталса және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін қажетті мәліметтер расталса, бәс тігуге қатысушының жеке басын сәйкестендіру немесе жеңілдетілген сәйкестендіру сәтті өтті деп есептеледі.»;

    20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «20. БЕЖ-де ақпаратты сақтау оны жоғалтудан, ұрлаудан, бұрмалаудан, қолдан жасаудан, рұқсатсыз қол жеткізуден және оны тарату, бұғаттау, жою, өзгерту, көшіру жөніндегі іс-әрекеттерден және өзге де заңсыз іс-әрекеттерден қорғауға байланысты іс-шараларды қамтиды, оның ішінде:

    1) ақпаратты өңдеудің барлық технологиялық кезеңдерінде және жұмыс істеудің барлық режимдерінде, оның ішінде жөндеу және регламенттік жұмыстарды жүргізу кезінде бағдарламалық-техникалық құралдар кешенін және оларды қолдайтын ұйымдастыру шараларын қолдану;

    2) КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңының 11-бабының 4-тармағына сәйкес іскерлік қатынастар аяқталған күннен бастап бес жыл өткеннен кейін бәс тігуге қатысушылардың дербес деректерін жою;

    3) бағдарламалық қамтамасыз етудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау, соның ішінде:

    қосымшаларды логикалық топтарға бөлу және әр топты арнайы виртуалды машинаға орналастыру;

    ішкі желілік трафиктен сыртқы желілік трафикті оқшаулау;

    белсенді жабдық бір қосымша компонентпен резервтелетін схема бойынша БЕЖ-дің әрбір бағдарламалық компонентін резервтеу;

    жүйелік және желілік инженерлерден басқа мамандардың серверлерге тікелей қол жеткізуін болдырмау.»;

    21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «21. Оператор осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау және беру кезінде БЕЖ арқылы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 28-бабының, Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 45-бабының және Дербес деректер туралы Заңының талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.».

    2025 жылғы 15 желтоқсандағы

    № 246

    Өзгерістер енгізілетін

    кейбір бұйрықтарының

    тізбесіне қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Мәдениет және спорт

    министрінің

    2015 жылғы 17 шілдедегі

    № 249 бұйрығына

    1-қосымша

    Әкімшілік деректерді

    жинауға арналған нысан

    Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесі мен лотереяны реттеу комитетіне

    Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурста орналастырылған: www.tsm.gov.kz

    Ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілігін ұсыну нысаны

    Есепті кезең ________20__жыл

    Индекс: 1-(ОИБ)

    Кезеңділігі: тоқсан сайын

    Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: ойын бизнесін ұйымдастырушылар (құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар)

    Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей, тоқсанына бір рет

    Ой­ын биз­не­сін ұй­ым­да­сты­ру­шы­ның биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
    Ой­ын биз­не­сін ұй­ым­да­сты­ру­шы­ның ата­уы
    Қыз­мет тү­рі
    Заң­ды ме­кен-жайы
    Ой­ын биз­не­сін ұй­ым­да­сты­ру­шы қыз­мет­кер­ле­рі­нің са­ны, адам
    Есеп­ті ке­зең­нің ба­сын­да­ғы құ­мар ой­ын­дар­ға және (неме­се) бәс тігу­ге қа­ты­су­шы­лар­дың са­ны, адам
    есеп­ті ке­зең­нің ба­сын­да
    есеп­ті ке­зең­нің со­ңы­на
    ре­зи­дент­тер
    ре­зи­дент емес
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    кестенің жалғасы
    Есеп­ті ке­зең­нің со­ңын­да­ғы құ­мар ой­ын­дар­ға және (неме­се) бәс тігу­ге қа­ты­су­шы­лар­дың са­ны, адам
    КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ ту­ра­лы Заң­ның негіз­де­рі бой­ын­ша қа­ты­су­шы­лар­мен іс­кер­лік қа­ты­на­стар ор­на­ту­дан бас тар­ту са­ны*, адам
    Есеп­ті ке­зең­де құ­мар ой­ын­дар­ға бір­дей қа­ты­су­шы­лар­дың ой­ын ме­ке­ме­ле­ріне ба­ру са­ны
    Есеп­ті ке­зең­де ой­ын биз­не­сі са­ла­сын­да­ғы қыз­мет­пен ай­на­лы­су­ға ли­цен­зи­я­ны пай­да­лан­ға­ны үшін тө­лен­ген тө­ле­ма­қы со­ма­сы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    Есеп­ті­лік­ті ұсын­ған күн­гі жағ­дай бой­ын­ша банк­те (банк­тер­де) нақ­ты ор­на­ла­сты­ры­л­ған мін­дет­ті ре­зерв­тер­дің со­ма­ла­ры ту­ра­лы мә­лі­мет­тер**
    Құ­мар ой­ын­дар­ға және (неме­се) бәс тігу­ге қа­ты­су­шы­лар­ға тө­лен­ген ұты­стар­дың со­ма­ла­ры ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    Есеп­ті ке­зең­де жа­сал­ған мөл­шер­ле­мер­дың жал­пы со­ма­сы
    ре­зи­дент­тер
    ре­зи­дент емес
    10-нан аз ке­лу
    10-нан астам ке­лу
    50-ден астам ке­лу
    тең­ге
    тең­ге
    тең­ге
    тең­ге
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    кестенің жалғасы
    Ой­ын жабды­ғы­ның ата­уы және тү­рі
    Ой­ын жабды­ғы­ның са­ны
    Ой­ын жабды­ғы­ның се­ри­я­лық және (неме­се) тү­ген­деу нө­мі­рі
    Өн­ді­ру­ші
    Ой­ын жабды­ғы­ның, ой­ын ав­то­мат­та­ры­ның тех­ни­ка­лық жай-күйі (жа­ңа/ қол­да­ны­л­ған)
    Жаб­дық­ты те­сті­леу кү­ні (жа­ңа ой­ын ав­то­мат­та­ры үшін)
    Тех­но­ло­ги­я­лық тұр­ғы­дан ой­ын ав­то­ма­ты­на са­лын­ған ұты­стың бел­гі­лен­ген пай­ы­зы (ой­ын ав­то­мат­та­ры за­лы үшін)
    Бейне жа­зу жүй­е­ле­рі­нің тех­ни­ка­лық жай-күйі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    да­на
    %
    Бейне жа­зу жүй­е­сі­нің ата­уы
    Са­ны, да­на
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    кестенің жалғасы
    Бейне жа­зу жүй­е­ле­рі­нің тех­ни­ка­лық жай-күйі ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    Кас­са (лар) ту­ра­лы де­ректер, оның ішін­де кас­са­ның тү­рі, са­ны және ор­на­лас­қан же­рі (ме­кен-жайы)
    Мем­ле­кет­тік кі­ріс ор­ган­да­рын­да са­лық са­лу объ­ек­ті­лер­ді/ кас­са (лар­ды) тір­кеу есе­біне қою ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    Үстел­дер са­ны­ның өзге­руі, жаб­дық­ты ауы­сты­ру ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    Ой­ын биз­не­сін ұй­ым­да­сты­ру­шы­ның құ­ры­л­тай­шы­лар құ­ра­мын­да­ғы бе­не­фи­ци­ар­лық мен­шік ие­ле­рі, бас­шы­ла­ры және ой­ын биз­не­сін ұй­ым­да­сты­ру­шы­ның бі­рін­ші бас­шы­ла­ры ту­ра­лы мә­лі­мет­тер
    Тех­ни­ка­лық жағ­дайы
    Жаб­дық­ты те­сті­леу кү­ні
    Ауы­сты­ры­л­ған жаб­дық­тың се­ри­я­лық неме­се тү­ген­деу нө­мі­рі
    Ли­цен­зия алу ке­зін­де көр­се­ті­л­ген ой­ын үстел­де­рі­нің са­ны
    ой­ын үстел­де­рі­нің са­нын ұл­ғай­ту және қы­сқар­ту ту­ра­лы ақ­па­рат
    29
    30
    31
    32
    33
    34
    35
    36
    * КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚҚ туралы Заңы – «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
    ** Міндетті резервтердің болуын растау мақсатында есептілікке банктік салым шартын жасасу кезінде ашылған банктік шоттар бойынша ақшаның болуы және қозғалысы туралы анықтама қоса беріледі
    Ұйымның атауы: _________________________________________________
    Қызмет түрі _____________________________________________________
    Заңды мекен-жайы _______________________________________________
    Бизнес сәйкестендіру нөмірі _______________________________________
    Ойын мекемесінің немесе тауар белгісінің атауы (болған жағдайда) _____
    Интернет-ресурс (болған жағдайда) _________________________________
    Электрондық пошта мекенжайы ____________________________________
    Телефон: ________________________________________________________
    Берілген лицензияның нөмірі мен күні _______________________________
    ____________парақта қоса беріледі.
    Осымен расталады: осы есептілікте көрсетілген барлық мәліметтер және қоса беріліп отырған құжаттар шындыққа сәйкес келеді және жарамды болып табылады.
    Жауапты тұлға ______________________ қолы
    ____________________________________
    тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
    Басшы немесе қол қоюға уәкілетті тұлға__________________ қолы немесе
    электрондық цифрлық қолтаңба ______________________________
    тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
    Мөр орны (болған жағдайда)
    Әкімшілік деректерді жинау үшін арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
    Ойын бизнесін ұйымдастырушының есеп беру нысаны
    Индекс: 1 - (ОИБ), кезеңділігі: тоқсан сайын

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы түсіндірме ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілікті ұсыну нысанын толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

    2. Нысанды ойын бизнесін ұйымдастырушылар (құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар) толтырады және ойын бизнесі саласындағы уәкілетті органға ұсынады.

    3. Нысан ойын бизнесін ұйымдастырушы басшысының не оны алмастыратын тұлғаның қолымен немесе электрондық цифрлық қолтаңбасымен (міндеттерді жүктеу туралы бұйрықтың көшірмесін қоса бере отырып), сондай-ақ ұйымның мөрімен (бар болса) куәландырылады.

    4. Нысан тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей ұсынылады.

    2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме

    5. 1-бағанда реттік нөмірі толтырылады.

    6. 2-бағанда ойын бизнесін ұйымдастырушының бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

    7. 3-бағанда ойын бизнесін ұйымдастырушының атауы көрсетіледі.

    8. 4-бағанда қызмет түрі көрсетіледі.

    9. 5-бағанда заңды мекен-жайы көрсетіледі.

    10. 6, 7-бағандарда есепті кезеңнің басында және соңында ойын бизнесін ұйымдастырушы қызметкерлерінің саны туралы мәліметтер көрсетіледі.

    11. 8, 9-бағандарда есепті кезеңнің басындағы құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге (резиденттер, резиденттер емес) қатысушылардың саны туралы мәліметтер көрсетіледі.

    12. 10, 11-бағандарда есепті кезеңнің соңында құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысушылардың (резиденттер, резиденттер емес) саны туралы мәліметтер көрсетіледі.

    13. 12-бағанда «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңында қарастырылған негіздері бойынша қатысушылармен іскерлік қатынастар орнатудан бас тарту саны туралы мәліметтер көрсетіледі.

    14. 13, 14, 15-бағандарда есепті кезеңде құмар ойындардың сол қатысушыларының ойын мекемелеріне бару саны туралы мәліметтер көрсетіледі (10-нан аз бару, 10-нан астам бару, 50-ден астам бару).

    15. 16-бағанда есепті кезеңде ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысуға лицензияны пайдаланғаны үшін төленген төлемақы сомасы туралы мәліметтер көрсетіледі.

    16. 17-бағанда есептілікті ұсынған күнгі жағдай бойынша банкте (банктерде) нақты орналастырылған «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын міндетті резервтер түріндегі әрбір лицензияға қамтамасыз ету сомасы туралы мәліметтер көрсетіледі.

    17. 18-бағанда құмар ойындарға қатысушыларға төленген ұтыстар және (немесе) бәс тігулер сомасы туралы мәліметтер көрсетіледі.

    18. 19-бағанда есепті кезеңде жасалған мөлшерлемелердің жалпы сомасы туралы мәліметтер көрсетіледі.

    19. 20-бағанда ойын жабдығының атауы мен түрі көрсетіледі.

    20. 21-бағанда ойын жабдығының саны көрсетіледі.

    21. 22-бағанда ойын жабдығының сериялық және (немесе) түгендеу нөмірі көрсетіледі.

    22. 23-бағанда ойын жабдығын өндіруші көрсетіледі.

    23. 24-бағанда ойын жабдығының, ойын автоматтарының техникалық жай-күйі көрсетіледі (жаңа/қолданылған).

    24. 25-бағанда ойын жабдығын тестілеу күні көрсетіледі (жаңа ойын автоматтары үшін).

    25. 26-бағанда технологиялық тұрғыдан ойын автоматына (ойын автоматтары залы үшін) салынған ұтыстың белгіленген пайызы көрсетіледі.

    26. 27, 28, 29, 30-бағандарда бейне жазу жүйелерінің техникалық жай-күйі туралы мәліметтер, оның ішінде бейне жазу жүйесінің атауы, саны, техникалық жай-күйі, жабдықты тестілеу күні көрсетіледі.

    27. 31-бағанда касса (лар) туралы деректер, оның ішінде кассаның түрі, саны, орналасқан жері (мекенжайы) көрсетіледі.

    28. 32-бағанда мемлекеттік кіріс органдарында салық салу объектілерін/касса (ларды) тіркеу есебіне қою туралы мәліметтер көрсетіледі.

    29. 33, 34, 35-бағандарда үстелдер санының өзгеруі, жабдықты ауыстыру туралы мәліметтер, оның ішінде ауыстырылған жабдықтың сериялық немесе түгендеу нөмірі, лицензия алған кезде көрсетілген ойын үстелдерінің саны, ойын үстелдерінің санын ұлғайту және қысқарту туралы ақпарат көрсетіледі.

    30. 36-бағанда ойын бизнесін ұйымдастырушының құрылтайшылар құрамындағы бенефициарлық меншік иелері, басшылары және ойын бизнесін ұйымдастырушының бірінші басшылары туралы мәліметтер көрсетіледі.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.