Жария сервитут белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 15 қыркүйек 2025 ж.

    Жария сервитут белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17, 69, 71-1 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Горнодобывающая компания ХонДа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған 2025 жылғы 19 маусымдағы №3384-EL лицензия негізінде, Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Горнодобывающая компания ХонДа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан 2031 жылдың маусым айының 19-на дейінгі мерзімге жария сервитут белгіленсін.

    2. «Горнодобывающая компания ХонДа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскелерінде жерге залал келтіретін жұмыстар жүргізу туындаған жағдайда меншiк иелерімен немесе жер пайдаланушылармен жекеше сервитутты белгілеу туралы шарт жасасу міндеттелсін.

    3. «Горнодобывающая компания ХонДа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау және операция аяқталғаннан кейін бүлінген жерлерді қалпына келтіру ұсынылсын.

    4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің тиісті сала орынбасарына жүктелсін.

    5. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    М. Самитов

    Жаңақорған ауданы әкімдігінің

    2025 жылғы 15 қыркүйектегі

    № 126 қаулысына қосымша

    «Горнодобывающая компания ХонДа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жария сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі

    Жер пайдаланушылардың (меншік иелерінің) атауы
    Кадастрлық нөмірі
    Жер учаскелерінің көлемі, гектар
    1
    «Жания» шаруа қожалығы
    10-149-040-613
    676,76
    2
    «Тұрсынбек» шаруа қожалығы
    10-149-040-2500
    1200,0
    3
    «Жерұйық» шаруа қожалығы
    10-149-040-2290
    500,0
    4
    «Ақсеңгір» шаруа қожалығы
    10-149-040-3432
    18822,46

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.