Аршалы ауданы бойынша 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тариф бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 18 желтоқсан 2025 ж.

    Аршалы ауданы бойынша 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тариф бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастырудың ережесі мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987болып тіркелген) сәйкес, Аршалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Аршалы ауданы бойынша 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тариф бекітілсін.

    2. «Аршалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген бюджет шеңберінде қызметтерді уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Аршалы ауданы әкімінің орынбасары А.Б.Бекбаевқа жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    Д. Есжанов

    Аршалы ауданы әкімдігінің

    2025 жылғы«18» желтоқсан

    № А-12/274 қаулысымен

    бекітілген

    Аршалы ауданы бойынша 2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге тариф

    Қызмет түрлері
    Күніне бір қызмет алушыға арналған тариф, теңге
    1
    Үйде қызмет көрсету
    3049,56

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.