Ақтөбе облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының мөлшерлемелерін белгілеу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 24 маусым 2026 ж.

    Ақтөбе облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының мөлшерлемелерін белгілеу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4-6) тармақшасына сәйкес Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Қоса беріліп отырған Ақтөбе облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының мөлшерлемелері белгіленсін.

    2. Осы шешім 2026 жылғы 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

    Облыстық мәслихаттың төрағасы

    Г. Сүйінтаева

    Облыстық мәслихаттың

    2025 жылғы 10 желтоқсандағы

    № 277 шешіміне

    қосымша

    Ақтөбе облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының мөлшерлемелері

    № р/н
    Қа­ла­лар және ел­ді ме­кен­дер­дің са­на­ты
    Жалға алу ақысының мөлшерлемелері 1 шаршы метрге айлық есептік көрсеткіштерінде (ай сайын)
    Тарих және мәдениет ескерткіштерінің түрлері
    Қа­ла құ­ры­лы­сы және сәу­лет ес­керт­кіш­те­рі
    Ар­хео­ло­гия ес­керт­кіш­те­рі, ан­самбль­дер мен ке­шен­дер, ки­е­лі объ­ек­ті­лер
    Мо­ну­мент­тік өнер құ­ры­лы­ста­ры
    1.
    Ақ­тө­бе қа­ла­сы
    0,8
    0,6
    1,0
    2.
    аудан­дық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар Ал­ға, Жем,
    Қанды­ғаш, Те­мір, Ем­бі,
    Хром­тау және
    Шал­қар
    0,6
    0,4
    0,8
    3.
    кент­тер*
    0,4
    0,4
    0,6
    4.
    ауыл*
    0,2
    0,2
    0,4
    Ескерту:
    Коммуналдық меншіктегі жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының мөлшерлемелері жалға алу ақысының мөлшерлемелерін жалға алынатын алаңның шаршы метрдегі көлеміне көбейту жолымен шығарылады.
    Жалға алу ақысының мөлшерлемелері «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес қалалар мен елді мекендердің санаттарын ескере отырып анықталады.
    кенттер*, оларға халқының саны кемінде 3 мың адам болатын елді мекендер жатады.
    Халық саны кемінде 2 мың болатын, жыл сайын емделу және демалу үшін келетіндердің саны кемінде олардың жартысын құрайтын, емдік маңызы бар жерлерде орналасқан елді мекендер де кенттерге теңестіріледі. Оларға азаматтардың жазғы демалыс орындары болып табылатын, ересек халықтың кемінде 25 пайызы ауыл шаруашылығымен тұрақты түрде айналысатын саяжай кенттері де жатады;
    ауылдар* - халқының саны кемінде 50 адам болатын елді мекендер.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.