Көксу ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 12 қазандағы «Көксу ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» № 387 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    ҚолданыстағыӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    Көксу ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 12 қазандағы «Көксу ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» № 387 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 529-бабының 6-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес, Көксу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Көксу ауданы әкімдігінің Көксу ауданының елді мекендерінде салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» 2023 жылғы 12 қазандағы № 387 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тізіміндегі актінің тіркеу нөмірі № 187144, Әділет органдарында НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі 73-19 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын;

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін;

    3. Осы қаулы 2026 жылдың 1қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    Д.Халелов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.