Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 17 желтоқсан 2025 ж.
Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтiк төлемдердің мөлшерін 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап арттыру туралы
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 11-бабы 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тағайындалған еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен 10 пайызға арттыру жүргізілсін.
2. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
О. Бектенов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.