Тараз қаласының құрамдас бөлігін қайта атау туралы

    ЖаңаЖергілікті билік органдарының бірлескен актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 12 желтоқсан 2025 ж.

    Тараз қаласының құрамдас бөлігін қайта атау туралы

    «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 11-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес, Республикалық ономастика комиссиясының 2025 жылғы 7 қарашадағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облысының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Тараз қаласының Уездный 2-көшесі Үмбетқұл Жиенбаев көшесіне қайта аталсын.

    2. Осы бірлескен Жамбыл облысы әкімдігінің қаулысы мен Жамбыл облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Облыс әкімі

    Е. Қарашөкеев

    Облыстық мәслихаттың төрағасы

    А. Нұралиев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.