Ақсу қалалық мәслихатының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 71/10 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    Күші жойылғанМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Ақсу қалалық мәслихатының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 71/10 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Ақсу қалалық мәслихатының 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 71/10 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 7437-14 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:

    8-1 тармақтың жетінші, сегізінші, он бірінші, он үшінші және он төртінші абзацтары жойылсын;

    8-1 тармақ келесі мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

    «Ақсу қаласының медициналық мекемелерінің тізімі негізінде ми тамырларының аурулары (инсульттер) (бір жыл ішінде) зардап шегетін адамдарға 5 (бес) АЕК мөлшерінде;»;

    «Ақсу қаласының медициналық мекемелерінің тізімі негізінде эпилепсия ауруынан зардап шегетін адамдарға 5 (бес) АЕК мөлшерінде;».

    2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

    Ақсу қалалық мәслихатының төрағасы

    М. Омарғалиев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.