Ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 9 желтоқсан 2025 ж.

    Ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесін бекіту туралы

    Қазақстан Республикасы Су кодексінің 27-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, «Ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 29 тамыздағы № 339 бұйрығымен бекітілген Ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесі бекітілсін.

    2. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

    1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тіліндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жолдауды;

    2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Солтүстік Қазақстан облысының әкімі

    Ғ. Нұрмұхамбетов

    Солтүстік Қазақстан облысы

    әкімдігінің 2025 жылғы

    «09» желтоқсандағы

    № 325 қаулысына

    қосымша

    Ауызсу беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесі

    Су­мен жаб­дық­та­у­шы ұй­ым­ның ата­уы
    Су­мен жаб­дық­тау жүй­е­сі­нің ата­уы
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Су ре­сур­ста­ры және ир­ри­га­ция ми­ни­стр­лі­гі­нің «Қаз­су­шар» ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу құқы­ғын­да­ғы рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік кә­сі­по­рын­ның «Есіл су» фи­ли­а­лы
    Бу­ла­ев топ­тық су құ­бы­ры
    Прес­нов топ­тық су құ­бы­ры
    Со­ко­лов топ­тық су құ­бы­ры
    Есіл топ­тық су құ­бы­ры
    «Жам­был су» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
    «Ека­те­ри­нов­ка – Сә­бит – Свя­то­ду­хов­ка – Зе­ле­ная Ро­ща – Свет­лое – Ча­па­ев­ка» топ­тық су құ­бы­ры
    «Прес­но­ре­дуть – Нұ­рым­бет – Ма­ка­рьев­ка»
    топ­тық су құ­бы­ры
    «Озер­ное – Ба­у­ман – Қа­ра­қа­мыс – Жа­ңа­жол» топ­тық су құ­бы­ры
    «Ка­ли­нов­ка – Бу­дён­ное – Ка­бань» топ­тық су құ­бы­ры
    «Бла­го­ве­щен­ка» жер­гі­лік­ті су құ­бы­ры
    «Үл­гі» жер­гі­лік­ті су құ­бы­ры
    «Май­ба­лық» жер­гі­лік­ті су құ­бы­ры
    «Бог­да­нов­ка» жер­гі­лік­ті су құ­бы­ры
    «Аман­гел­ді» жер­гі­лік­ті су құ­бы­ры
    «Пет­ров­ка» жер­гі­лік­ті су құ­бы­ры
    «Рож­де­ствен­ка» жер­гі­лік­ті су құ­бы­ры
    «Қы­зы­л­ту Су Ар­на­сы» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
    «Есдәу­лет жер асты кен ор­ны» жер­гі­лік­ті су құ­бы­ры
    «Тар­лан 2030» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
    «Но­во­и­шим­ское» жер­гі­лік­ті су құ­бы­ры
    «Ру­за­ев­ка» жер­гі­лік­ті су құ­бы­ры
    «Чи­сто­по­лье» жер­гі­лік­ті су құ­бы­ры
    «Кам­кор Есиль» жа­у­ап­кер­ші­лі­гі
    шек­те­улі се­рік­те­сті­гі
    «Кор­не­ев­ка» жер­гі­лік­ті су құ­бы­ры

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.