Алға ауданы бойынша 2026 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерін бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 5 желтоқсан 2025 ж.

    Алға ауданы бойынша 2026 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтерін бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының әлеуметтік Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 281 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32987 тіркелген), Алға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алға ауданы бойынша 2026 жылға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған тарифтер бекітілсін.

    2. «Алға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген бюджет шеңберінде қызметтерді уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алға ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    А. Шуиншалиев

    Алға ауданы әкімдігінің

    2025 жылғы «05» желтоқсан

    № 332 қаулысына

    қосымша

    2026 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тарифтері

    Ар­на­у­лы әле­умет­тік қыз­мет көр­се­те­тін ұй­ым­ның ата­уы
    Тү­рі
    Кү­ніне 1 қыз­мет алушы­ға та­риф (тең­ге)
    1
    «Ал­ға аудан­дық жұ­мыспен қам­ту және әле­умет­тік бағ­дар­ла­ма­лар бө­лі­мі» мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі «Ал­ға ауда­ны­ның әле­умет­тік қыз­мет көр­се­ту аумақ­тық ор­та­лы­ғы» ком­му­нал­дық мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі
    Үй­де қыз­мет көр­се­ту­ді ұй­ым­да­сты­ру
    2437,24

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.