Сарысу ауданы Қамқалы ауылдық округінің Жайлаукөл ауылындағы Жаңа көшесін қайта атау туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 19 қыркүйек 2025 ж.

    Сарысу ауданы Қамқалы ауылдық округінің Жайлаукөл ауылындағы Жаңа көшесін қайта атау туралы

    «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабына  сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 30 қарашадағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Сарысу ауданы Қамқалы ауылдық округінің Жайлаукөл ауылында:

    «Жаңа» көшесі «Ұлы дала» көшесі болып қайта аталсын.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз құзырыма қалдырамын.

    3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Ауылдық округ әкімі

    М. Толеутай

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.