Аудан әкімдігінің 2024 жылғы 20 желтоқсандағы № 319 «Атырау облысы Құрманғазы ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 26 бабына, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 25-3 бабының 1-1) тармақшасына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің 2024 жылғы 20 желтоқсандағы № 319 ««Атырау облысы Құрманғазы ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысына келесідей өзгеріс енгізілсін:
қосымша 15-1 тармақпен толықтырылып, төмендегідей мазмұндалсын:
«15-1. Маңдайшаны орналастыру туралы хабарламаларды «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес қабылдауды және қарауды жүзеге асырады».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі
Аудан әкімі
А. Жангалиев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.