Осакаров ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 21 шілдедегі № 68/05 «CUPRUM MINING GROUP» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы» қаулысына өзгерту енгізу туралы
«CUPRUM MINING GROUP» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Дәуренқұлов Бақыт Бекетбайұлының өтінішін қарап, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осакаров ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 21 шілдедегі № 68/05 «CUPRUM MINING GROUP» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы» келесідей өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы
Е. Темиров
Осакаров ауданы әкімдігінің
2025 жылғы «10» желтоқсандағы
№112/02
қаулысына қосымша
Осакаров ауданы әкімдігінің
2025 жылғы «21» шілдедегі
№68/05
қаулысына қосымша
Оларға қатысты жария сервитут белгіленуге жататын қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензияның 2024 жылғы 04 шілдедегі № 2063-EL шекарасындағы жер учаскелерінің тізбесі
|
№№
|
Кадастрлық нөмір
|
Участкенің орналасқан жері
|
Жария сервитут белгіленуге жататын учаскелер бөліктерінің ауданы (лицензия шекарасында), га
|
|
1.
|
09-137-037-024
|
Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Жансары ауылдық округі, «ЕвразияИнвест Ltd» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
|
178,8074
|
|
2.
|
09-137-037-101
|
Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Жансары ауылдық округі, «Лега» фермер қожалығы
|
222,033
|
|
3.
|
09-137-037-119
|
Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Жансары ауылдық округі, «Нуртилеу» фермер қожалығы
|
31,769
|
|
БАРЛЫҒЫ
|
432,6094
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.