«Қарағанды облысы Қарағанды қаласының және Бұқар жырау ауданының шекарасын өзгерту және белгілеу туралы» бірлескен 2024 жылғы 25 сәуірдегі № 27/01 Қарағанды облысы әкімдігі қаулысының және 2024 жылғы 25 сәуірдегі № 169 Қарағанды облыстық мәслихаты шешімінің күшін жою туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Қарағанды облысы Қарағанды қаласының және Бұқар жырау ауданының шекарасын өзгерту және белгілеу туралы» бірлескен 2024 жылғы 25 сәуірдегі № 27/01 Қарағанды облысы әкімдігі қаулысының және 2024 жылғы 25 сәуірдегі № 169 Қарағанды облыстық мәслихаты шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы бірлескен Қарағанды облысы әкімдігі қаулысының және Қарағанды облыстық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Қарағанды облысының әкімі
Е. Бөлекпаев
Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы
Н. Кобжанов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.