Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаЖергілікті билік органдарының бірлескен актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 4 желтоқсан 2025 ж.

    Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгеріс енгізу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес, «Глубокое ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту жөніндегі ұсыныс енгізу туралы» Глубокое ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 3 қыркүйектегі № 360 қаулысы мен Глубокое аудандық мәслихатының 2025 жылғы 20 қазандағы № 26/6-VIII шешімінің негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

    Малоубинка ауылдық округінің Карагужиха кенті өзге қоныстар санатына жатқызылсын;

    Карагужиха қонысы Малоубинка ауылдық округі Малоубинка ауылының құрамына енгізілсін.

    2. Осы бірлескен қаулы мен шешім олардың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

    Облыс әкімі

    Н. Сақтағанов

    Облыстық мәслихаттың төрағасы

    Д. Рыпаков

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.