«Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 қазандағы № 713 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 10 желтоқсан 2025 ж.

    «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 қазандағы № 713 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 қазандағы № 713 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:

    1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – АЭА) Жамбыл облысы Шу ауданының аумағында қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес шекараларда орналасқан.

    АЭА аумағы 1205 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.»;

    «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағы шекараларының жоспары осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    көрсетілген қаулымен бекітілген «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    О. Бектенов

    Қазақстан Республикасы

    Үкіметінің

    2025 жылғы « »

    № қаулысына

    1-қосымша

    «Jibek Joly» арнайы

    экономикалық аймағы

    туралы ережеге

    қосымша

    «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағы шекараларының жоспары

    «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағының жалпы аумағы S = 1205 га

    ____________________

    Қазақстан Республикасы

    Үкіметінің

    2025 жылғы « »

    № қаулысына

    2-қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Үкіметінің

    2020 жылғы 28 қазандағы

    № 713 қаулысымен

    бекітілген

    «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағының нысаналы индикаторлары

    Р/с №
    Мақ­сат­тар, мін­дет­тер және көр­сет­кіш­тер (ата­уы)
    Өл­шем бір­лі­гі
    Ба­за­лық ке­зең (2019)*
    Ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор
    2022 жы­л­ға қа­рай қол жет­кі­зу
    2027 жы­л­ға қа­рай қол жет­кі­зу
    2032 жы­л­ға қа­рай қол жет­кі­зу
    2037 жы­л­ға қа­рай қол жет­кі­зу
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    1
    Ин­ве­сти­ци­я­лар­дың жал­пы кө­ле­мі, оның ішін­де:
    млрд тең­ге
    28,4*
    200
    450
    600
    695
    1)
    ше­тел­дік ин­ве­сти­ци­я­лар кө­ле­мі
    млрд тең­ге
    40
    210
    290
    375
    2)
    отан­дық ин­ве­сти­ци­я­лар кө­ле­мі
    млрд тең­ге
    28,4*
    160
    240
    310
    320
    2
    АЭА ау­ма­ғын­да та­у­ар­лар мен көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді (жұ­мыстар­ды) өн­ді­ру кө­ле­мі
    млрд тең­ге
    1
    3
    290
    2400
    3700
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    3
    Өңір эко­но­ми­ка­сы­ның ши­кі­заттық емес сек­тор­ла­ры­на ин­ве­сти­ци­я­лар жыл сай­ын­ғы өсі­мі (өң­деу өнер­к­ә­сі­бі)
    %
    40 %
    100 %
    150 %
    165 %
    4
    Қа­ты­су­шы­лар са­ны
    бірл.
    7
    10
    25
    26
    29
    5
    АЭА ау­ма­ғын­да құ­ры­ла­тын жұ­мыс ор­ны­ның са­ны
    жұ­мыс орын­да­ры
    115
    1104
    2000
    2200
    2700
    6
    АЭА ау­ма­ғын­да­ғы өн­ді­рі­стің жал­пы кө­ле­мін­де­гі қа­зақ­стан­дық қам­ту үле­сі
    %
    50 %
    65 %
    75 %
    85 %
    7
    АЭА ау­ма­ғын­да­ғы өн­ді­рі­стің жал­пы кө­ле­мін­де­гі өнім экс­пор­ты­ның үле­сі
    %
    10 %
    20 %
    25 %
    30 %
    8
    Ең­бек өнім­ді­лі­гін арт­ты­ру
    есе
    1,5
    2
    2,1
    2,2
    Ескертпелер:
    * - жұмыс істеп тұрған АЭА қатысушыларының іс жүзінде салған инвестициялар.
    Индикаторлар көрсеткіштері өсу қорытындысымен келтірілген.
    ____________________

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.