Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 9 желтоқсан 2025 ж.
Төлеби ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі бойынша салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы
Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 726-бабына сәйкес Төлеби аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Төлеби ауданында төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығын есептеуді оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде алынған (алынуға жататын) мөлшерлемесін 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға төмендетілсін.
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Аудандық мәслихаттың төрағасы
Н.Қойбағаров
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.