Сарыағаш аудандық мәслихатының 2024 жылғы 22 ақпандағы № 15-113-VIII «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» шешiмiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 5 желтоқсан 2025 ж.

    Сарыағаш аудандық мәслихатының 2024 жылғы 22 ақпандағы № 15-113-VIII «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» шешiмiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Сарыағаш аудандық мәслихатының 2024 жылғы 22 ақпандағы №15-113-VIII «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» шешiмiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген шешімнің кіріспе бөлігіндегі «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 33 бабына» деген сөздермен ауыстырылсын;

    көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:

    9-тармақтың 5) тармақшасының бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

    «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай» жыл басынан төлем жүргізу үшін Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне – біржолғы 5 000 000 теңге мөлшерінде»;

    9-тармақтың 6) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын;

    «6) 29 тамыз – Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күні:

    Семей ядролық сынақтар мен жаттығуларға қатысқан адамдарға, ядролық қаруды сынаудың салдарынан зардап шеккен және мүгедектік тобы бар болған адамдарына – біржолғы 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде»;

    9-тармақ 10) тармақшамен толықтырылсын;

    «10) 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні:

    саяси құғын-сүргін құрбандарына және саяси құғын-сүргіннен зардап шеккен тұлғаларға – біржолғы 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде».

    10-тармақтың 8) тармақшасының 7 абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

    «Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытынды шығарған кезде Сарыағаш аудандық мәслихатының бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу негіздерінің тізбесін басшылыққа алады.»;

    28-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

    «28. Әлеуметтік көмек:

    1) алушы қайтыс болған;

    2) алушы тұрақты тұру үшін Сарыағаш ауданынан тыс кеткен;

    3) алушы мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберілген;

    4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

    5) әлеуметтік көмек көрсетуге негіз болған жағдайлардың жойылуы туралы мәліметтер анықталған жағдайларда тоқтатылады.

    Осы тармақтың 3) тармақшасы осы қағидалардың 12-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген негіздер бойынша тағайындалған әлеуметтік көмекті төлеуге қолданылмайды.

    Осы тармақтың 1) 3) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмек төлеу көрсетілген мән-жайлар басталғаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

    Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар басталған күннен бастап тоқтатылады.».

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудандық мәслихат төрағасы

    Р. Асылбекұлы

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.