Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 280 «Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 5 желтоқсан 2025 ж.

    Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 280 «Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және «Құқықтық актілер туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 280 «Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының регламентін бекіту туралы» қаулысына (облыс әкімдігінің 2025 жылғы 7 наурыздағы № 50 қаулысымен енгізілген өзгерістерді қоса) келесідей өзгеріс енгізілсін:

    аталған қаулымен бекітілген Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты регламентінің 10.3-тармағының екінші абзацындағы «Жобаны келісу аяқталғаннан кейін бөлім басшысы бұрыштама қояды.» деген сөздер алынып тасталсын.

    2. «Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысына жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

    Облыс әкімі

    Н. Төреғалиев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.