Үй жануарларын серуендетуге немесе жануарлармен басқа мақсаттарда жүруге тыйым салынатын орындарды анықтау, сондай-ақ үй жануарларын серуендетуге арналған орындарды жабдықтау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 9-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, «Астана қаласының аумағын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» Астана қаласы мәслихатының 2024 жылғы 2 қазандағы № 229/28-VIII шешімінің 18, 99-тармақтарына, «Астана қаласында үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің қағидаларын бекіту туралы» Астана қаласы мәслихатының 2025 жылғы 14 ақпандағы № 272/34-VIII шешімінің 19, 20-тармақтарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Үй жануарларын серуендетуге немесе жануарлармен басқа мақсаттарда жүруге тыйым салынатын орындар осы қаулыға қосымшаға сәйкес анықталсын және тиісті белгілермен белгіленсін.
2. «Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы» мемлекеттік мекемесіне үй жануарларын серуендетуге арналған орындарды айқындау, белгілеу және жабдықтау жөніндегі жұмыстарды үйлестіру, сондай-ақ осы іс-шараларды тиісті аудандар аумақтарында іске асыру мәселелері бойынша «Астана қаласының «Алматы ауданы әкімінің аппараты», «Астана қаласының «Байқоңыр» ауданы әкімінің аппараты», «Астана қаласының «Есіл» ауданы әкімінің аппараты», «Астана қаласының «Нұра» ауданы әкімінің аппараты», «Астана қаласының «Сарайшық» ауданы әкімінің аппараты» және «Астана қаласының «Сарыарқа» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемелерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Н.Ж. Нұркеновке жүктелсін.
Астана қаласының әкімі
Ж. Қасымбек
Астана қаласы әкімдігінің
2025 жылғы «___»____________
№_______________ қаулысына
қосымша
Үй жануарларын серуендету немесе жануарлармен басқа мақсаттарда жүруге тыйым салынған орындар
|
№
|
Аумақ
|
Шектеулер
|
Екертулер
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
|
1.
|
Мектепке дейінгі балалар ұйымдары
|
Үй жануарларын серуендетуге тыйым салынады
|
Ерекшелік:
әкімшілікпен келісім бойынша спорттық/басқа іс-шаралар
|
|
2.
|
Білім беру ұйымдары
|
Үй жануарларын серуендетуге тыйым салынады
|
Үй жануарларының жүруіне тыйым салатын белгілер болса
|
|
3.
|
Дене шынықтыру-спорт ұйымдары
|
Үй жануарларын серуендетуге тыйым салынады
|
Үй жануарларының жүруіне тыйым салатын белгілер болса
|
|
4.
|
Медициналық және емдеу ұйымдары
|
Үй жануарларын серуендетуге тыйым салынады
|
Үй жануарларының жүруіне тыйым салатын белгілер болса
|
|
5.
|
Мәдениет ұйымдары
|
Үй жануарларын серуендетуге тыйым салынады
|
Үй жануарларының жүруіне тыйым салатын белгілер болса
|
|
6.
|
Спорттық ойын алаңдарының аумақтары
|
Үй жануарларын серуендетуге тыйым салынады
|
Үй жануарларының жүруіне тыйым салатын белгілер болса
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
|
7.
|
Адамдарға шомылуға рұқсат етілген аумақтары, тоғандары, фонтандары мен су қабылдағыштары
|
Үй жануарларын шомылдыруға және жуындыруға рұқсат етілмейді
|
____________________________
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.