Абай облысының жер үсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 8 желтоқсан 2025 ж.

    Абай облысының жер үсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін бекіту туралы

    Қазақстан Республикасы Су кодексінің 26-бабының 1-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 628-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің «Жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» 2025 жылғы 30 қыркүйектегі № 250-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36974 болып тіркелген) сәйкес, Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:

    1. Абай облысының жер үсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін 2026 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелерін осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    2. Осы шешім қабылданған күннен бастап күшіне енеді және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

    Абай облысы мәслихатының төрағасы

    Ш. Байбеков

    Абай облысы мәслихатының

    2025 жылғы 08 желтоқсандағы

    № 32/218-VIІI шешімімен бекітілді

    Абай облысының жер үсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері

    Арнаулы су пайдалану түрі (өлшем бірлігі)
    Өзен­дер, көл­дер бас­сей­ні
    Тұр­ғын үй пай­да­ла­ну және ком­му­нал­дық қыз­мет­тер (тең­ге/1000 тек­ше метр)
    Жы­лу энер­ге­ти­ка­сын қо­са ал­ған­да, өнер­к­ә­сіп (тең­ге/1000 тек­ше метр)
    Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы (тең­ге/1000 тек­ше метр)
    Су көз­де­рі­нен алу­ды жү­зе­ге асы­ра­тын то­ған ша­ру­а­шы­лық­та­ры (тең­ге/1000 тек­ше метр)
    Гид­ро­энер­ге­ти­ка (тең­ге/1000 кВт.са­ғат)
    Су кө­лі­гі (тең­ге/1000 тон­на-ки­ло­метр)
    Бал­қаш және Ала­көл көл­де­рі бас­сей­ні
    658,92
    1819,89
    522,95
    522,95
    193,49
    57,53
    Ер­тіс өзе­ні бас­сей­ні
    268,16
    767,72
    216,26
    216,26
    80,02
    30,28

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.