«Қазақстан Республикасында стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 106 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 8 желтоқсан 2025 ж.

    «Қазақстан Республикасында стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 106 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Қазақстан Республикасында стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 106 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32740 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілген стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартында:

    жоғарғы оң жақ бұрышындағы «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2023 жылғы 7 маусымдағы № 106 Бұйрыққа 1-қосымша» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 106 бұйрығына 1-қосымша» деген сөздермен ауыстырылсын;

    тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасында стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету стандарты»;

    көрсетілген стандартқа 1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы «Стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартына 1-қосымша» деген сөздер «Қазақстан Республикасында стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартына 1-қосымша» деген сөздермен ауыстырылсын;

    көрсетілген стандартқа 2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы «Стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартына 2-қосымша» деген сөздер «Қазақстан Республикасында стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартына 2-қосымша» деген сөздермен ауыстырылсын;

    көрсетілген стандартқа 3-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы «Стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартына 3-қосымша» деген сөздер «Қазақстан Республикасында стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартына 3-қосымша» деген сөздермен ауыстырылсын;

    көрсетілген стандартқа 4-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы «Стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартына 4-қосымша» деген сөздер «Қазақстан Республикасында стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек көрсету стандартына 4-қосымша» деген сөздермен ауыстырылсын;

    көрсетілген стандартқа 4-қосымшаға сәйкес бекітілген стационарды алмастыратын жағдайларда көрсетілетін тоғызыншы қайта қараудың аурулар мен денсаулыққа байланысты проблемалардың халықаралық статистикалық жіктемесенің кодтары бойынша операциялар мен манипуляциялар тізбесі мынадай мазмұндағы 551 және 552-жолдармен толықтырылсын:

    «

    551
    41.31
    Сүйек кемігінің аспирациялық биопсиясы
    552
    41.98
    Сүйек кемігінде басқа да манипуляциялар
    ».
    2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
    2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
    3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі

    А. Альназарова

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.