Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 18-бабы 2) тармақшасына, 139-бабы 9-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі
Е. Степаненко
«КЕЛІСІЛДІ»
Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданының мәслихаты
Солтүстік Қазақстан облысы
Мамлют ауданы әкімдігінің 2
025 жылғы 01 желтоқсандағы
№ 339 қаулысына
қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарды күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі, жоғары, бірінші, екінші санаттағы және санаты жоқ мамандар;
2) мүгедектігі бар балаларды және он сегіз жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар адамдарды күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы және санаты жоқ мамандар.
2. Мәдениет саласындағы мамандардың лауазымдары:
1) кітапханашы - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі, жоғары, бірінші, екінші санаттағы және санаты жоқ мамандар;
2) аккомпаниатор - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі, жоғары, бірінші, екінші санаттағы және санаты жоқ мамандар;
3) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер) - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі, жоғары, бірінші, екінші санаттағы және санаты жоқ мамандар;
4) музыкалық жетекші - біліктілігі жоғары, орташа деңгейдегі, жоғары, бірінші, екінші санаттағы және санаты жоқ мамандар.
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.