Шал ақын ауданында жер салығының базалық салықтық мөлшерлемелерін түзету туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 27 қараша 2025 ж.

    Шал ақын ауданында жер салығының базалық салықтық мөлшерлемелерін түзету туралы

     Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 582-бабының 1-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Шал ақын ауданында жер салығының мөлшерлемелері Кодекстің 577 және 578-баптарында белгiленген жер салығының базалық мөлшерлемелерінен елу пайызға арттырылсын.

    Осы тармақтың ережесі Кодекстің 581-бабында көрсетілген жер учаскелеріне қолданылмайды.

    2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

    Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының төрағасы

    Қ. Жанғожинов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.