Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 28 қараша 2025 ж.
Жер салығының мөлшерлемелері туралы
Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) 582-бабы 1-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргiзiлетiн жердi аймаққа бөлу жобалары (схемалары) негiзiнде Кодекстің 577 және 578-баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері елу пайызға арттырылсын.
Осы тармақтың ережесі Кодекстің 581-бабында көрсетілген жер учаскелеріне қолданылмайды.
2. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Аққайың ауданы мәслихатының төрағасы
Е. Жәкенов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.