Лисаков қаласы әкімдігі қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 8 желтоқсан 2025 ж.

    Лисаков қаласы әкімдігі қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Лисаков қаласы жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Лисаков қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 20 наурыздағы № 109 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7698 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

    2. «Лисаков қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуін;

    2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Лисаков қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

    Лисаков қаласының әкімі

    А. Ибраев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.