«Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және теңіздік жедел штабтары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 587 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

    ЖаңаЖарлық
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 2 маусым 2021 ж.

    Қазақстан Республикасы

    Президенті мен Үкіметі актілерінің

    жинағында жариялануға тиіс

    «Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және теңіздік жедел штабтары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 587 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

    ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

    1. «Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және теңіздік жедел штабтары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 587 Жарлығына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

    жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және теңіздік жедел штабтары туралы ережеде:

    10-тармақта:

    7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «7) Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрі;»;

    мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

    «8) Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі.».

    2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Президенті

    Қ. Тоқаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.