«Алакөл аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Алакөл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 19 мамырдағы № 5-2 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 5 тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Алакөл аудандық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алакөл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 19 мамырдағы № 5-2 «Алакөл аудандық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №181752 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алакөл аудандық мәслихат төрағасы
Д.Е.Каримов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.