«Алакөл ауданы елді мекен жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы» Алакөл аудандық мәслихатының 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 3-5 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    ҚолданыстағыМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    «Алакөл ауданы елді мекен жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы» Алакөл аудандық мәслихатының 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 3-5 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7-бабына және « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Алакөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Алакөл аудандық мәслихатының 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 3-5 «Алакөл ауданы елді мекен жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 65736 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Алакөл аудандық мәслихат төрағасы

    Д.Е.Каримов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.