«Жамбыл облысында тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын бекіту» Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 30 қаңтардағы № 9 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 21 қараша 2025 ж.

    «Жамбыл облысында тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын бекіту» Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 30 қаңтардағы № 9 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Жамбыл облысында тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтыну нормаларын бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 30 қаңтардағы № 9 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4503 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

    2. «Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның ресми жариялауға жіберілуін;

    3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Жамбыл облысының әкімі

    Е. Карашукеев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.