«2025 - 2027 жылдарға арналған Рахат ауылының бюджеті туралы» Жаңаөзен қалалық маслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 24/198 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 26 қараша 2025 ж.

    «2025 - 2027 жылдарға арналған Рахат ауылының бюджеті туралы» Жаңаөзен қалалық маслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 24/198 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. «2025 – 2027жылдарға арналған Рахат ауылының бюджеті туралы» Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 24/198 шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

    1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

    «1. 2025 – 2027 жылдарға арналған Рахат ауылының бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3 қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2025 жылға келесідей көлемдерде бекітілсін:

    1) кірістер – 1 809 295,2 мың теңге, оның ішінде:

    салықтық түсімдер бойынша – 347 742,0 мың теңге;

    салықтық емес түсімдер бойынша – 5,4 мың теңге;

    негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 33 978,6 мың теңге;

    трансферттердің түсімдері бойынша – 1 427 569,2 мың теңге;

    2) шығындар – 1 820 615,0 мың теңге;

    3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге, оның ішінде:

    бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

    бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

    4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:

    қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

    мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

    5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 11 319,8 мың теңге;

    6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 11 319,8 мың теңге, оның ішінде:

    қарыздар түсімі – 0 теңге;

    қарыздарды өтеу – 0 теңге;

    бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 11 319,8 мың теңге.»;

    2 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

    «2. 2025 жылға арналған Рахат ауылының бюджетіне қалалық бюджеттен 1 427 532,2 мың теңге сомасында субвенция бөлінгені ескерілсін.»;

    көрсетілген шешімге 1 қосымша осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

    Жаңаөзен қалалық мәслихатының төрағасы

    Г. Байжанов

    Жаңаөзен қалалық мәслихатының

    2025 жылғы 26 қарашадағы

    № 33/295 шешіміне қосымша

    Жаңаөзен қалалық мәслихатының

    2024 жылғы 30 желтоқсандағы

    № 24/198 шешіміне 1 қосымша

    2025 жылға арналған Рахат ауылының бюджеті

    Санаты
    Атауы
    Сомасы, мың теңге
    Сыныбы
    Кіші сыныбы
    1
    2
    3
    1. Кірістер
    1 809 295,2
    1
    Салықтық түсімдер
    347 742,0
    01
    Табыс салығы
    104 774,0
    2
    Жеке табыс салығы
    104 774,0
    04
    Меншікке салынатын салықтар
    242 763,7
    1
    Мүлікке салынатын салықтар
    4 073,0
    3
    Жер салығы
    333,0
    4
    Көлік құралдарына салынатын салық
    238 357,7
    05
    Тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге салынатын iшкi салықтар
    204,3
    3
    Табиғи және басқа да ресурстарды пайдаланғаны үшiн түсетiн түсiмдер
    204,3
    2
    Салықтық емес түсiмдер
    5,4
    01
    Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер
    0,0
    5
    Мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер
    0,0
    06
    Басқа да салықтық емес түсiмдер
    5,4
    1
    Басқа да салықтық емес түсiмдер
    5,4
    3
    Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер
    33 978,6
    03
    Жерді және материалдық емес активтерді сату
    33 978,6
    1
    Жерді сату
    26 117,0
    2
    Материалдық емес активтерді сату
    7 861,6
    4
    Трансферттердің түсімдері
    1 427 569,2
    02
    Мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетін трансферттер
    1 427 569,2
    3
    Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен трансферттер
    1 427 569,2
    Функционалдық топ
    Атауы
    Сомасы, мың теңге
    Кіші функция
    Бюджеттік бағдарламалар дың әкімшісі
    Бағдар
    лама
    1
    2
    3
    2. Шығындар
    1 820 615,0
    01
    Жалпы сипаттағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
    164 796,0
    1
    Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар
    164 796,0
    124
    Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты
    164 796,0
    001
    Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер
    160 941,0
    022
    Мемлекеттік органның күрделі шығыстары
    3 855,0
    06
    Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру
    0,0
    2
    Әлеуметтiк көмек
    0,0
    124
    Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты
    0,0
    003
    Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтiк көмек көрсету
    0,0
    07
    Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
    1 436 977,0
    3
    Елді мекенді көркейту
    1 436 977,0
    124
    Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты
    1 436 977,0
    008
    Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру
    256 679,0
    009
    Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету
    277 500,0
    011
    Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру
    902 798,0
    12
    Көлік және коммуникация
    218 842,0
    1
    Автомобиль көлігі
    218 842,0
    124
    Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты
    218 842,0
    013
    Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету
    218 842,0
    3. Таза бюджеттік кредиттеу
    0,0
    Бюджеттік кредиттер
    0,0
    Бюджеттік кредиттерді өтеу
    0,0
     
     
     
    4. Қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо
    0,0
     
     
     
    Қаржы активтерін сатып алу
    0,0
    Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер
    0,0
    5. Бюджет тапшылығы (профициті)
    - 11 319,8
     
     
     
    6. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)
    11 319,8
    Қарыздар түсімдері
    0,0
    Қарыздарды өтеу
    0,0
    Санаты
    Атауы
    Сомасы, мың теңге
    Сыныбы
    Кіші сыныбы
    1
    2
    3
    8
    Бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары
    11 319,8
    01
    Бюджет қаражаты қалдықтары
    11 319,8
    1
    Бюджет қаражатының бос қалдықтары
    11 319,8

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.